Адентаева Айдын Абибуллақызы

Адентаева Айдын Абибуллақызы
коммерциялық директор

1983 жылы туған. Орта мектепті ОҚО Түркістан қаласында аяқтаған соң, 1998 жылы Алматыға, 2005 жылы Астанаға көшеді. Жұмыс өтілі 15 жыл, оның 10 жылы БАҚ-мен байланысты.

15 жасында мектепті бітірген соң Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде (халықаралық қатынастар) Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде (құқықтану), (экономика), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (магистратура), Халықаралық бизнес академиясында (магистратура), «Магистр іскерлік әкімшілігі» бағдарламасы бойынша  «менеджмент»  мамандығында білім алған.

Оқу адамға аздық етпейді, сондықтан ізденуді тоқтатпаймын дейді Айдын. Қосымша РФ, АҚШ және еліміздің көптеген оқу орындарында тәжірбиеден өтіп, білімін жетілдірген.

Жұмыс өтілі:  2001-2002 жж. ОҚО бойынша статистика орталығында интервьюер, 2002-2003 жж. «Sparkle» команиясында бас директордың заңгер-кеңесшісі.
2003-2004 жж. Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде бас маман, 2004-2007 жж. Түркістан қаласы әкімдігінде бөлімнің бас маманы, әлеуметтік мониторинг бөлімінің басшысы.

2007 жылдың қараша айынан 2011 жылға "Қазақстан" РТРК" АҚ-да заңгерлік департаментінің басшысы, директорлар Кеңесінің Корпоративтік хатшы директорлар Кеңесінің ұжымдық хатшысы, 2011 жылдың қараша айынан 2016 жылға дейін «Казахстанская правда» РГ-де әкімшілік басшы қызметтерін атқарған.

2017 жылдан бастап «Астана» телеарнасында коммерциялық директор.