Динара Сатжан

Динара Сатжан
Жүргізуші

Динара Сатжан 1982 жылдың 21 қыркүйегінде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында өмірге келген.

 

2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық журналистика мамандығы бойынша тәмамдап шығады.


16 жасында «Қазақстан» арнасындағы таңғы бағдарламаның жүргізушісі. Кейінірек, «SHAHAR» телерадиокомпаниясында «Music Station» атты музыкалық бағдарламасын жүргізеді.


2003 жылы «Оңтүстік Астана» телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі.


2006 жылы елордалық «Астана» арнасында жаңалықтар жүргізушісі.


2008 жылы «Хабар» арнасында қызмет істейді. 2012 жылға дейін жаңалықтар жүргізушісі.


2009 жылы «Қазақстан аруы» байқауының жеңімпазы атанып, «Әлем аруы-2009» байқауына қатысады.


2010 жылы «Қазақстан» арнасындағы үшінші маусымдық «Екі жұлдыз» байқауында бағын сынайды.


Осы жылы «Астана» арнасында «Статус QUO» жобасының жетекшісі болады.

Басшылық құрамы
Кәрінтаева Анар Сыдыққызы
Ақпараттық-талдамалы бағд...
Кылыч Әйгерім Шотбайқызы
Қаржы бойынша бас директо...
Азамат Исаев
«ORDA FM» директоры...
Балғаева Әсел Элисқызы
Бас директордың орынбасар...
Илхам Ибрагим
Бағдарламалар директоры...