Ләйлә Қазияқпарова

Ләйлә Қазияқпарова
Жүргізуші

Өмірлік ұстанымы: Алған беттен қайтпау!

1987 жылы 24 қыркүйекте Ақмола облысы, Зеренді ауданында дүниеге келген. 2005-2009 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.

Ол өзін адал адам санайды. Сондықтан, адамдар да мейірімді болса екен дейді. Бос уақытында ұйқыны соғады. Жалғыздықтан қатты қорқады.

Қонаққа баруды жөне дәмді тағамдарды әзірлеуді жанындай жақсы көреді. Есесіне, далада бос сандалуды өлердей жек көреді. Жағымпаздықты да жақтырып жатқаны шамалы.

Кейде қараптан-қарап алтын балықты ұстап алсам екен, дейді және соған сенеді де. Себебі, «Адамның қолынан келмейтін іс жоқ!»

Жоспарларында есеп жоқ. Айтса, орындалмайды, деп айтпағанды жөн көреді.

Басшылық құрамы
Кылыч Әйгерім Шотбайқызы
Қаржы бойынша бас директо...
Кәрінтаева Анар Сыдыққызы
Ақпараттық-талдамалы бағд...
Илхам Ибрагим
Бағдарламалар директоры...
Ләззат Мұратқызы Танысбай
«Астана» телеарнасының ба...
Балғаева Әсел Элисқызы
Бас директордың орынбасар...