Кылыч Әйгерім Шотбайқызы

Кылыч Әйгерім Шотбайқызы
Қаржы бойынша бас директордың орынбасары

1982 жылдың 17 желтоқсан айында Семей қаласында туған. 2013 жылы Өскемен қаласындағы Шығыс гуманитарлық институтында экономист-менеджер мамандығын тәмамдады. «МИРБИС» Мәскеу халықаралық жоғары бизнес мектебінде қаржы менеджменті мамандығы бойынша магистратураны бітірді. Экономикалық жоспарлау және қаржылық сарапшы маманы бойынша 10 жылдан астам өтілі бар. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.  


Жұмыста ең алдымен тәжірибе мен адами қарым-қатынасты бағалайды. Бос уақытында отбасымен болғанды және кітап оқығанды ұнатады. Авторлардан Сергей Довлатовтың шығармашылығына қызығады.

"Өмірде бастысы - мақсаттарына дұрыс жолмен жету, қиындыққа мойымай табысқа жету және сенім мықты болу керек" - деп, санайды. "Жеңістің бәрі  - алда, бастысы - оған сену!"

Сүйікті мерекесі - Тәуелсіздік күні.

Келешекте теңіз жағасында тұрғанды армандайды.