Смағұлова Қарлығаш Найманқызы

Смағұлова Қарлығаш Найманқызы
Бас режиссер

Мектепті аяқтаған соң бірден экономист оқуына түсті. Уақыт өте таңдаған кәсібіне көңілі толмайтынын түсінді.

Оның өміріндегі өзгерістер 1997 жылы Алматы қаласына көшкеннен кейін басталды. Қарлығашты телевизия саласында ұзақ уақыт қызмет еткен туысы «Гала-ТВ» студиясында режиссердің көмекшісі ретінде жұмыс жасауға шақырды. «Лучше быть здоровым», «Бабье царство» және т.б. ток-шоуларында режиссердің ассистенті болып, бағдарламаларда жұмыс жасады. Бес-алты жобаларды қатар алып жүрген.

«Бірнеше жобада жұмыс жасау қиын болған жоқ», - дейді Қарлығаш. «Жастық шақ, күнде бір жаңалық білуге ынталану, кәсіпті меңгеру мен үшін қызық болатын». Оның ұстаздары - телевизия саласындағы нағыз майталмандар - Гүлнәр Мейірбекова, Ирина Черноловская, Игорь Пискунов және студияның негізін қалаушы - Галина Леонидовна Күзембаева болған. «Жалпы бәрі, «Гала-ТВ»-да Галина Леонидовнаның қанатында «өскендер» үлкен табыстарға жетті». Қоюшы режиссер ретінде алғаш рет өздігімен жасаған жұмысы, «Қазақстан» телеарнасында Михаил Дорофеевпен, содан кейін Владимир Рерихпен «Формула личности» бағдарламасы болды.

2003 жылы грант ұтып, Қарлығаш Смағұлова сынақ мерзімінен өтуге Жапонияға барады. 2008 жылы ол «Қазақстан» телеарнасына бас режиссер ретінде келді. Мемлекеттік телеарнада тікелей эфирлерді, арнайы жобаларды, елбасының қатысуымен өткен телекөпірді ұйымдастырған.

Қарлығаш Смағұлованың ойынша, өзіңе қатысты адал болу, өз шешімдерің мен әрекеттерің үшін жауапты болу маңызды. Қиындықтар шынықтырады және одан жол тауып шығуға болады дегенге сенеді. Арманы - өмірге сұлу қыз әкелу және өзінің төлтуындысын түсіру.

Арна мақтаныштары
Нұрлан Ерімбетов
Жүргізуші...
Надежда Палинка
Жаңалықтар қызметінің жау...
Ришат Асқарбекұлы
«Астана» телеарнасының Ал...
Руслан Ли
Телеоператор...
Отыншиева Базаркүл Мағазқызы
Жаңалықтар қызметінің жау...