Кәрінтаева Анар Сыдыққызы

Кәрінтаева Анар Сыдыққызы
Ақпараттық-талдамалы бағдарламалардың директоры

Талдықорған облысы, Қоғалы ауылында туған, Алматы қаласында білім алған.

Кішкентайынан бастап өзін дипломат боламын деп дайындаған. Алайда, өмір оны телевизия саласына әкелді. Дегенмен, журналистикада сол дипломатикалық әдептілікті жиі қолданады. Жұмыста жауапкершілікті ерекше көріп, адамдардың риза болуын және адал болғанын бағалайды.

Бос уақытында жанына жақын адамдармен кофе немесе қазақтың шайын ішіп, кездесіп әңгімелеседі. Себебі, сол кездерде ғана әңгіме қызып, шындық айтылады.

Ел аралап, саяхаттануды ұнатады. Жаңа және қызықты, беймәлім және білмегенін танып білгенді жақсы көреді. Жалпы, өмірге ғашық жан! Сүйікті фильмдері - «Легенды осени» және «Крестный отец», жақсы көріп оқитын жазушылары - Абай, А.Дюма, М.Твен.

Адам өзіне де және басқаларына да сену керек екеніне сенімді.

Арна мақтаныштары
Руслан Ли
Телеоператор...
Торғын Мелісқызы Оспанбаева
Аймақтардың редакторы...
Нүркен Жалмұқанов
бейнетаспагер...
Айгүл Әдепбай
«Астана» телеарнасының жа...