Илхам Ибрагим

Илхам Ибрагим
Бағдарламалар директоры

1986 жылдың 15-ші қарашасында дүниеге келген. Еңбек жолын 2004 жылы ОҚО-дағы  «Сайрам ақшамы» аудандық телеарнасында тілші болып бастады.  

2007 жылы Шымкент қалалық «Отырар» телеарнасына жаңалықтар тілшісі болып ауысты.

2011 жылы «Жетінші арнаның» («Эра» телевидениесі ЖШС) Астанадағы арнаулы тілшісі қызметі атқарды.

2012 жылы «Хабар» Агенттігі «Ел арна» телеарнасында жүргізуші болды. Осы жылдың соңында «Отырар» телеарнасына жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы болып ауысты.

2013 жылдың 3-ші мамырынан бастап «Астана қ. теледидары» ЖШС-нің арнайы жобалар бөлімінің басшысы қызметіне кірісті.

2015 жылдан бастап «Астана қ. теледидары» ЖШС-нің бағдарламалар директоры болып тағайындалды.

Журналистика саласында бірнеше марапаттарға ие болған:

2005 жылы «Тіл жанашыры» номинациясының иегері; 2008 жылы «Ең үздік жас журналист» номинациясы бойынша марапатталған.

2015 жылы ҚР ақпарат саласының үздігі атанды.

Үйленген, екі баланың әкесі.


Арна мақтаныштары
Әйгерім Сейфолла
Жүргізуші...
Карима Куралова
Жаңалықтар қызметінің жау...
Ұлан Ақсұлтанов
Компьютерлік графиканың ж...