Көңіл күйі
Телехикая аңсаған арманына жету үшін өмірдің сындарлы сәттерінен сүрінбей өтуге тырысқан жастар туралы...
Жанр: драма
Тіл: қазақша
Ұзақтық: 50 мин
Көрсетіледі: дүйсенбі - жұма күндері, 16:50, қайталауы - 9:00

«Көңіл күйі» хикаясының кейіпкері Хон Да Миге жақын адамынан айырылған соң, жанына жақын сүйікті кәсібі музыканы ұмытуға тура келді.

Оған қарағанда драманың тағы бір кейіпкері Чжу Джи Хун дегеніне жетті: ол жетістікке жету жолында ештеңеден аянбайтын данышпан пианист атанды. 


Чжу Джи Хунның дарындылығын көре алмайтын Чжи Чан Ук деген жанкешті жылпос ағайыны бар.
  

Арманға жетуге деген ұмтылыс пен мақсатты бағындыруға деген талпыныспен қатар, кейіпкерлерді осы жолда кездескен сансыз кедергілер мен күрделі жағдайлар біріктіреді.

Бірнеше кейіпкер мен олардың отбасыларының әңгімесі сюжеттік желіге ұласып, өрбіген «Көңіл күйі» жаңа кәріс телехикаясы жанрдың озық дәстүрлері негізінде жарыққа шығып, қызықты сюжетпен, тамаша қойылыммен, сондай-ақ актёрлердің шебер ойынымен көрермен көзайымына айналды. 

Актёры
Чжу Джи Хун

Чжу Джи Хун

1982 жылдың 16 мамырында Сеулде дүниеге келді. Оңтүстік-корей актёры және модель. Мансабын модель ретінде бастаған.  Алғаш рөлін «Дворец» дорамасында ойнады. Сонымен бірге «Кондитерская «Антик» және «Я - король» фильмдеріне түскен рөлдерінен танымалы. 2007 жылдың наурызында Джи Хун «Дьявол» хикаясындағы рөліне ие болады. 2010 жылы Джи Хун Чжу әскерге шақырылады. 2011-2012 жж. әскерден келген соң, «Я - король» фильміне түсіп экранға оралады. Бұл рөлден кейін Кореяда 2012 жылдың тамызынан қарашаға дейін көрсетілген «Пять пальцев» хикаясындағы басты рөлде ойнады. Дорамалар: «Старая любовь» (2004), «Дворец» (2006), «Дьявол» (2007), «Пять пальцев» (2012),  фильмдер: «Кондитерская «Антик» (2008), «Неприкрытая кухня» (2009) және «Я - король» (2012). 

Чжин Се Ён

Чжин Се Ён

1993 жылдың 15 ақпанында Сеулде дүниеге келді, Оңтүстік Корея. «Белый: мелодия проклятия» фильміндегі Дженнидің рөлінен танымалы. Сонымен қатар, көрермендерге әйгілі болған «Свадебная маска» дорамасында басты рөлді ойнады. 2010 жылы «It’s Okay, Daddy’s Girl» дорамасымен сынға түсті. Басында «Пять пальцев» дорамасында Хон Да Мидің рөлін ойнайтын болып «T-ara» тобының әншісі Хам Ын Чжон бекітілген, бірақ топта пайда болған жанжал және дорамалардың төмен рейтингтерінен Хам Ын Чжонның орнына Чжин Се Ён түсетін болып шешілді. Дорамалар: «Всё окей, доченька» (2010), «Дуэт» (2011), «Моя дочь цветок» (2011), «Свадебная маска» (2012), «Пять пальцев» (2012), фильмдер: «Белый: мелодия проклятия» (2011). 







Кино