Бiз бiргемiз
Қайырымдылық жоба
Жанр: әлеуметтік
Тіл: қазақша, орысша
Ұзақтық: ...........
Көрсетіледі: ............

Әлеуметтік-қайырымдылық жоба материалдық және моральдық көмек пен қолдауға зәру адамдар арасындағы байланыстырушы болуды көздейді. Бағдарламаның атауы қоғамды көптің көмегіне  мұқтаж жандардың тағдырына жанашырлық танытып, үлес қосуға, азаматтық, жалпы адамзаттық және альтруистік қадамға баруға шақырады.

Біздің бағдарламаның арқасында көрермендер кімге көмек керек екені туралы уақтылы толық ақпарат ала алады. Әрбір сюжетте күрделі ауруға шалдыққан немесе жай ғана адамдар көмегіне зәру балалар туралы әңгімеленеді.

Сондай-ақ жетім, тастанды немесе мүгедек балалар тұратын нақты бір балалар мекемесінің проблемалары көтеріледі. Көрермен бағдарлама қонақтары қандай көмекті қажет етеді, көмек көрсету үшін қанша қаражат керектігі туралы ақпарат алады.

«Айналайын» айдарында асырап алуға болатын балалар туралы сюжет көрсетіледі. Асырап алғысы келетін ата-аналарға, қамқорлығына алғысы келетіндерге, тәрбиешілер мен бұл мәселеге бей-жай қарай алмайтындарға арнайы шақырылған сарапшылардың кеңестері пайдалы болуы мүмкін.

Бағдарлама авторларына қоятын сауалдарыңыз бен талап-тілектеріңізді birgemiz@astv.kz  электронды поштасына жіберуге болады.

 



Жүргізуші
 Ләйлә Қазиақпарова

Ләйлә Қазиақпарова

1987 жылы 24 қыркүйекте Ақмола облысы, Зеренді ауданында дүниеге келген. 2005-2009 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Ол өзін адал адам санайды. Сондықтан, адамдар да мейірімді болса екен дейді. Бос уақытында ұйқыны соғады. Жалғыздықтан қатты қорқады. Қонаққа баруды жөне дәмді тағамдарды әзірлеуді жанындай жақсы көреді. Есесіне, далада бос сандалуды өлердей жек көреді. Жағымпаздықты да жақтырып жатқаны шамалы. Кейде қараптан-қарап алтын балықты ұстап алсам екен, дейді және соған сенеді де. Себебі, «Адамның қолынан келмейтін іс жоқ!» Жоспарларында есеп жоқ. Айтса, орындалмайды, деп айтпағанды жөн көреді. 







Кино