Избранное за неделю

Избранное за неделю
Апта сайынғы ақпараттық-сараптамалық қорытынды бағдарлама
Жанр: қоғамдық-саяси
Тіл: русский
Ұзақтық: 40 мин.
Көрсетіледі: жексенбі 20:00,қайталау - дүйсенбі, 15:10

«Избранное за неделю» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына аптаның ең өзекті, айшықты жаңалықтары топтастырылады. «Астана» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің тілшілері күн сайын болып жатқан маңызды оқиғаларды қалт жібермей, оны талдап-сараптап көрерменге жеткізуге тырысады.  Қоғамда орын алған әрбір мәселенің жәй-жапсарын анықтау үшін оны білікті сарапшылардың талқы-таразына салады. Бағдарлама тілшілерінің басты мақсаты - оқиғаны көрерменге ШЫНАЙЫ әрі ДҰРЫС жеткізу. Сондай-ақ аптаның айшықты оқиғаларына қатысты эксклюзивті пікірлер ескеріледі.  «Астана» телеарнасындағы «Избранное за неделю» бағдарламасының жүргізушісі - Ерлан Сисенов.  

  


Жүргізуші
Ерлан Сисенов

Ерлан Сисенов

Алматы қаласында 1987 жылы 16-шы наурызда дүниеге келіп, Атырауда тұрған.  2009 жылдан бері Астана қаласының тұрғыны.  Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-де инженер мамандағы бойынша білім алған. Журналистикаға деген қызығушылығы оны осы салаға әкелді.  Ерлан Сисенов «MediaNet» халықаралық журналистика орталығында дәріс  тыңдаған.  Ол өмір сүрудің өзін ғанибет санайтын қарапайым адамдардың қатарынан. Спорттық акробатика және жеңіл атлетикамен шұғылданады. Отбасының үлкен болғанын және қарттық шағын Будапеште өткізуді армандайды.    







Кино