Біздің уақыт
Қорытынды ақпараттық-сараптама бағдарламасы
Жанр: қоғамдық-саяси
Тіл: қазақша
Ұзақтық: 40 мин.
Көрсетіледі: сенбі, 20:00-да, қайталау - дүйсенбі, 17:00

«Біздің уақыт» ақпараттық-сараптама хабары апта ішіндегі елең еткізген, қоғамдық пікір туғызған оқиғаларды сараптайды.

Әлеуметті толғандырған тақырыптардың астарына үңіліп, «айтары бар» адамдарды «Біздің сұхбат» айдарында сөзге тартады. Пікір алуандығы сақталады. Айдар маңызды деректер пен сарапшылар бағасына негізделген.

«Интернет иірімдері» ғаламторға тереңдей «сүңгімек». Бағдарламада жаңа технологиялардың қай жерлерде, қалай жасалып жатқанын зерттеуге кірісеміз.

Қызықты хоббиі бар немесе тағдыры таңғалдыратын азаматтар, сондай-ақ, аңыз-адамдарға байланысты жанды жадырататын естеліктер «Біздің кейіпкер» айдарында  баяндалады.

«Не? Қайда? Қашан?» ғана емес, «Не себепті?» деген сауалдың маңызды екенін жадымызда ұстаймыз.


 













Кино