Репортер представляет

Репортер представляет
Көкейтесті тақырыпты телевизиялық жарияламалар топтамасы
Жанр: журналистік зерттеу
Тіл: орысша
Ұзақтық: 40 мин.
Көрсетіледі: жексенбі, 18:00-де

Әлемде, біз бен сіздің айналамызда болып жатқан саяси-әлеуметтік маңызды оқиғалар, қоғамды алаңдатқан түйінді мәселелер Репортердің негізгі зерттейтін тақырыбы. Оқиға орнынан, ешбір баға берместен, тақырыпты жан-жақты зерттеп, көрерменнің өзіне түйін шығаруға мүмкіндік беру арнайы репортаж жанрының негізгі ерекшелігі. Жаңалықтар форматының шектеулі уақытына сыймаған сүйекті тақырыптарды біздің тілшілер зерттейді. 

Жүргізуші
Әділет Құсайынов

Әділет Құсайынов

1982 жылдың 28 шілде айында Семей қаласында туылған. 2003 жылы филология мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын орыс әдебиеті тарихының ұстазы ретінде бастаған. Кейін «Қазақстан» РТРК АҚ Семей қалалық филиалының тілшісі, 2009-2011 жылдары - Астана қ. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының ақпараттық-талдамалы бағдарламалар Дирекциясының тілшісі ретінде қызмет жасады. 2012 жылдың қаңтарынан наурызға дейін - «Хабар» Агенттігінде жаңалықтар бөлімінің тілшісі болып істеген. «Астана» телеарнасында «Громкое дело» бағдарламасын жүргізген. Қазір «Репортер представляет»  бағдарламасының редакторы.  







Кино