Магия
«Астана» телеарнасындағы «Магия» бағдарламасы - қазақ телеарналарларының ішінде жергілікті көше сиқырын көрсетіп жатқан алғашқы жоба!
Жанр: ойын-сауық
Тіл: орысша
Ұзақтық: ..............
Көрсетіледі: ............

«Астана» телеарнасындағы «Магия» бағдарламасы - қазақ телеарналарларының ішінде жергілікті көше сиқырын көрсетіп жатқан алғашқы жоба! 

Білікті сиқыршы мен жүргізуші Игорь Овсейчик бас қала тұрғындарына микромагия мен иллюзия саласындағы өзінің өнерін паш етеді.

Атап айтқанда, жүргізуші қандайда бір кісі тарапынан қолы қойылған кипюрды бүтін лимонның ішінен таба алады. Ол ойыңызды оқи отырып, сіздің дәл қазір ойлап тұрған атыңызды, сіздің айфоныңыздың пин-кодын, тіпті,  жақында барып қайтқан қалаңыздың атын да оңай ғана таба алады. Аталмыш бағдарлама  қай сиқыршының болсын сиқырына, әсіресе карта фокустарына толы болмақ.

Шоу -  көрсетілген трюктерге көреремендердің күлуі, таң қалуы, жылауы, қуануы сияқты шынайы эмоциялық әсерлермен ерекшеленеді!

Адамдар таңғажайыпқа сенгісі келеді. Магия қашанда тіпті, сенбейтін адамдардың да назарын аударған. Ғасырлар өтсе де иллюзиялық өнердің тек қана түрі өзгерді, қазіргі таңда телеэкрандарда заманауи динамикалық форматта көрсетілуде.  «Астана» телеарнасында «Магия» жобасы! 

 

  







Кино