Собственные сериалы
Отандық өнім - жаңа телехикаялар
Жанр: .....................
Тіл: қазақша
Ұзақтық: ....................
Көрсетіледі: Отандық өнім - жаңа телехикаялар

ЖІБЕК 

Ауылда туып өскен Жібек есімді бойжеткеннің тағдыры туралы телехикая. Оқуға түсу мақсатында Алматыға келген Жібек нағашы ағысының үйіне тұрақтайды, бірақ жеңгесі оны жылы қабылдай қоймайды. Бойжеткеннің өміріндегі нағыз қиындыққа толы күндер дәл осы сәттен басталады. Ол Мирас есімді жігітті жолықтырып, екеуінің ара-қатынасы махаббатқа ұласқан кездегі қиындықты тіпті, елестетпеген еді. Өйткені Мирасты Жібектің нағашы ағасының үлкен қызы Мәдина да ұнатып қалған. Кейіпкерлер өз махаббатының беріктігін дәлелдеу үшін тағдырдың түрлі сынағынан өтеді... (20 бөлім)





ӘУЛЕТ

Қаршыға - кәдуілгі ауыл ақсақалдарының бірі. Әйелі екеуі бір қыз бен екі ұлды тәрбиелеп өсірген. Немерелері өсіп, атасы мен әжесінің көз қуанышына айналып келеді. Үлкен ұлы - Бейбіт шаруа қожалығында еңбек етіп әкесіне көмектеседі. Көрші ауылдың жігітіне тұрмысқа шыққан қызы Сандуғаш та ата-анасының халін сұрап бәйек. Тек кіші ұлы - Жәдігер жастайынан ағасы мен әпкесіне ұқсамайтын өзгеше бала болып ержетті. Университетті бітіріп қолына диплом алған ол, ересек өмірге қадам баспақ болып қалада өз бизнесін бастайды. Алайда, бұл ісі ұзаққа бармады. Оның үстіне ағасының мал-шаруашылығы арқылы ауылдағы ең дәулетті әулетке айналғаны оны қатты ашуландыратын. Ата-анасының бірнеше ондаған жыл бойы жасырып келген құпиясы ашылған кезде Жәдігер ағасының бар байлығын тартып алуға бекінеді. Өйткені құпия - бала асырап алуға қатысты болатын.    





ТАҒДЫР  







Кино