Жетім жүрек
Телехикая Гули есімді жетім қыздың өмірі туралы.
Жанр: мелодрама
Тіл: қазақша
Ұзақтық: 60 мин.
Көрсетіледі: Дүйсенбі-жексенбі 18:00, 11:00 (қайталау)

Телехикая Гули есімді жетім қыздың өмірі туралы. Ол туыс тәтесі мен ағасының үйінде тұрады. Ағасы Гулиге үнемі қолдау білдіріп жүрсе, тәтесі керісінше оны жек көреді. Сондықтан жасаған жұмысының бәрін жақтырмайды. Жетім қыз тұратын үйде Раши есімді жиені де бар. Ол өте ақылды әрі қу. Оқиға желісі бойынша байлықты жақсы көретін Гулидің тәтесі өз қызы Рашиді бай жігітке бермек болады. Бірақ құда түсуге келгендер Гулиді ұнатады. Сөйтіп оны ұлы Ахемға күштеп қосады. Ал Раши сол отбасының ағайыны Джигарға тұрмысқа шығады. Анасының қалауы бойынша Гулиге үйленген Ахем жарын жек көреді, әрі өзі басқа қызға ғашық болатын. Күйеуінің жек көрушілік сезіміне және басқа да отбасындағы әділетсіздікке шыдамаған басты кейіпкер қыз үйден кетпекші болады. Раши мен оның анасы да қыздың өмірін қалайда құрдымға кетіру үшін барын салады.

 
 
  



Актёры
Мохамад Назим ( Ахем)

Мохамад Назим ( Ахем)

Үнді актері және фотомодель. 1984 жылдың 1-ші қаңтарында Малеркутла жерінде Пинджаб қаласында дүниеге келген. Киноөнеріне келмес бұрын фитнес жаттықтырушысы болып жұмыс жасаған.    

Руча Хасабнис (Раши)

Руча Хасабнис (Раши)

Үнді актрисасы. 1988 жылы 8-ші ақпанда туған. "Жетім жүрек" сериалы арқылы танымал болған. 

Деволина Бхаттачанджи (Гули)

Деволина Бхаттачанджи (Гули)

1990 жылы 22-ші тамызда Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатында бенгал отбасында дүниеге келген. Актриса "Жетім жүрек" сериалынан соң танымал болып, әрі сол рөлі үшін 2013 жылы "Ең үздік драма әртісі" сыйлығын алған. 







Кино