Теңгемания
Қаржы туралы қажеттілер.
Жанр: ойын-сауық
Тіл: орысша, қазақша
Ұзақтық: 15 мин.
Көрсетіледі: демалыс күндері 10:00, 16:45-те

Жобаның қазақша нұсқасын Бауыржан Орда жүргізеді.

«Астана» телеарнасында жаңа маусымда эфирге шығатын жаңа бағдарламалардың бірі  ТЕҢГЕМАНИЯ. Жобада ақшаны қалай табу, үнемдеу және тиімді жұмсау жайында айтылады.

Бағдарламада жүргізуші Бауыржан Орда қатысуға келгендерге түсірілім алаңында қаржыға қатысты сұрақтар қояды. Жеңімпаз 10 000 теңге алады. «Теңгеманияның» әр түсірілімі осылай жалғаса береді. Ал жүлдегерді бүкіл ел танитын болады.

 Жоба барысында жүргізуші сарапшылармен бірге ақшаны қалай басқару, көбейту, оны қайда сақтау керектігі жайында әңгіме қозғайды. Сондай-ақ алаяқтардан қалай сақтану қажеттігі де айтылады.


















Кино