Махаббат дерті
Ол қыз періштедей еді. Егде жастағы жалғыз басты ердің жүрегі тек сол ару деп соқты.
Жанр: мелодрама
Тіл: қазақша
Ұзақтық: 70 мин.
Көрсетіледі: дүйсенбі-жүма күндері 22:50-де, қайталау 07:00-де

11 жыл бұрын сүйікті жары қайтыс болғаннан кейін Аднан ақсүйектер қоғамынан алшақтап өмірін қызы Нихаль мен ұлы Бюлентке арнауға бел буады. Олардың жанұясы Ыстамбұлдағы ең сәулетті жекежайлардың бірінде тұрды. Аднанның жұртшылықтан оңаша, мамыражай өмірі жас әрі сұлу Бихтермен танысқаннан кейін күрт өзгерді. Ол қызды жас күніндегідей шын сүйіп қалғанын түсінді.    

Актёры
Берен Саат

Берен Саат

1984 жылдың 26 ақпанында Анкарада дүниеге келген. Оның ата-анасы спортшылар. Берен Саат Анкарадағы TED Жоғары коллеждінде одан соң, Анкара Bilkent Университетінде менеджмент мамандығы бойынша оқыған. Ол испан және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, ән салады. Актриса түскен фильмдері: Кёсем Султан (сериал, 2015 – ...), «Месть» (сериал, 2013 – 2014), «Мой мир» (2013), «Сезон носорогов» (2012), «Без вины виноватая» (сериал, 2010 – 2012), «Крылья Гедже» (2009), «Боль осени» (2009), «Махаббат дерті» (сериал, 2008 – 2011), «Помни меня» (сериал, 2006 – ...), «Любовь и ненависть» (сериал, 2005), «Романтика смерти» (сериал, 2004). 

Сельчук Ёнтем

Сельчук Ёнтем

 1953 жылы 13 шілдеде Түркияның Стамбул қаласында туған. Анкарадағы Мемлекеттік консерваторияда оқыған. 1977 жылдан бастап "Ankara Devlet" театрының актері. 1993 жылдан фильмдерге түсе бастады. Актер ойнаған фильмдер:  «Мафия не может править миром» (сериал, 2015), «Дочери Гюнеш» (сериал, 2015  ...), «Госпожа Айхан» (2014), «Сегодняшний человек дворца» (сериал, 2013  ...), «Махаббат дерті» (сериал, 2008-2011), «Мевляна Джалаладдин Руми: Танец любви» (2008), «Долина Волков» (сериал, 2003  2005), «Дикое сердце: Ад бумеранга» (2001), «Сумасшедшее сердце» (сериал, 1999).

Небахат Чехре

Небахат Чехре

1944 жылы 15 наурызда Түркияның Самсун қаласында дүниеге келген. Актриса 1960 жылы Түркияның аруы атанған. Ол «Сұлтан Сүлеймен» сериалындағы Сүлейменнің анасы Валиде рөлі арқылы бүкіл әлемге танылды. Актриса ойнаған фильмдер: «Сұлтан Сүлеймен» (сериал, 2011 – 2014), «Махаббат дерті» (сериал, 2008 – 2011), «Июньская ночь» (сериал, 2004 – ...), «Моя роза» (2003), «Железный коготь: Войны шпионов» (1969), «Апрельский дождь» (1969), «Месть Зорро» (1969), «Красная маска» (1968) «Дикая роза» (1962). 

Кыванч Татлытуг

Кыванч Татлытуг

Кыванч Татлытуг 1983 жылы 27 қазанда Түркияның Адана қаласында көп балалы отбасында дүниеге келген. Төрт ағасы мен қарындасы бар. Кыванч Татлытуг жеке колледже білім алған. Бойы ұзын жігіт баскетбол спортымен шұғылданған. Тіпті Түрік Баскетбол лигасында ойнаған. Кейін жарақатына байланысты спорттан кетті. Мемлекеттік театр жанындағы дарамалық студияда актерлік шеберлікті үйренді. 2001 жылы Татлытуг модель ретінде сән өнеріндегі карьерасын бастады. Актер түскен фильмдер: «Курт Сеит и Александра» (сериал, 2014), «Сон бабочки» (2013),  «Кузей Гюней» (сериал, 2011 – 2013), «Эзель» (сериал, 2009 – 2011), «Махаббат дерті» (сериал, 2008 – 2011), «Менекше и Халиль» (сериал, 2007 – 2008), «Американцы на Черном море 2» (2007), «Серебро» (сериал, 2005 – 2007). 

Хазал Кая

Хазал Кая

Түркияның атақты кино актрисаларының бірі. Ол 1990 жылы 1 қазанда Газиантепте туған. Ол 2006 жылы 16 жасында алғаш фильмге түсуге ұсыныс алған. 2011 жылға дейін актриса үш көркем фильмге және бір сериалға түсіп үлгерген. Жас талантты өнерпаздың танымалдылығы күн сайын емес, сағат сайын артты. Актриса ойнаған танымал фильмдер: «Сыла. Возвращение домой» (2006), «Ангел хранитель» (2007), «Махаббат дерті» (2008), «Фериха» (2011), «Пусть это будет последний раз» (2012), «Последнее лето на Балканах 1912» (2012), «Голубая волна» (2013), «У меня есть возражение» (2014).

 

  







Кино