Жібек 2
Ата-анасынан айырылып,тағдыры туыстарына табысталған жетім қыз туралы өмірдастан.
Жанр: мелодрама
Тіл: қазақша
Ұзақтық: 60 мин.
Көрсетіледі: По будням в 17:00, қайталау 9:00

Жібек-2  

Ата-анасынан айырылып,тағдыры туыстарына табысталған жетім қыз туралы өмірдастан. Телехикаяның жаңа маусымы маңдайына жазылған қиындықтарға мойымаған Жібектің отбасы құрғаннан кейінгі тағдыры турасында болмақ. Өмірлік серігін тапқан қыз өмірден бақытын таба ала ма?  Көз жазып қалмаңыз, көрермен!  

Жібек 2. Жаңа маусым.Тамаша тарту. Жуырда арнамыздан көрерменнің көзайымына айналып үлгерген «Жібек» телехикаясының екінші маусымы көрсетіледі. Түсірілім басталып та кетті. Көрерменіне жол тартатын 20 сериялы телехикаяның жалғасында Жібектің отбасы үшін күресін көресіз. Түсірілім алаңына барған тілшіміз қызықты мәліметтерді жинап келді. Түсірілім сәтті шықсын деген ырым жасалды. Кинодағы әрбір қимылдың сәтті шығатыны кадр сыртында жұмыс істейтін мына 50 адамға байланысты. "Жібек" рөліндегі Айым да түсірілім алаңына шықты, қобалжу байқалады. 

Айым Сейітметова, актриса:

«Өзім қобалжып, толқып тұрмын, қалай қабылдайды деп. Бірақ жақсы қабылдайтынына үміттенемін. Ал, екінші маусымы, олар екеуі үйленді, бірге, осыдан басталады. Екеулері медовый месяцтан келіп, оқиғаны жалғастырады»  Бал айынан кейін оқиғалар желісі де шиеленісе түседі. Сценарий қоғамдағы туыстар арасындағы жағдайды бүкпесіз көрсетуге құрылды. Бірақ отбасылық кикілжіңді ақылмен шешуге болатыны баяндалады.

Шолпан  Батырбаева, бас продюсер:

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деп қазақтар айтады ғой. Жаңа отбасында неше түрлі қиындықтарды көреді. Қазіргі қоғамда ажырасу да көп болып жатыр. Жастар бір-біріне шыдамай, мінездеріне, бала туғаннан кейін түрлі жағдайларға көне алмай, ажырасу да көп болып жатыр. Сол туралы да біз кішкене көрсетеміз. Жансая мен Асқардың да отбасында кейбір қиыншылықтар болады»

Меруерт Түсіпбаева, актриса:

«Көрерменнің жақсы көріп қалған Жансаясы екінші бөлімде мүлдем өзгереді. Егер бірнінші бөлімінде  бизнесвумен, өзіне қарайтын сұлу келіншек болса, осы екінші бөлімінде мүлдем өзгеріп, өзінің жетім қалған күйеуінің ашынасынан қалған қызға қарап, барлық махаббатын осы қызға береді Жансая»

Туыстар арасындағы кикілжің кезінде  әрбір жан өзінің дұрыс екендігін алға тартады. Болмашы дүниені байқай бермейді. Бауырдан бет көрмес бөтен адамға айналады. Ендеше авторлар осы проблеманы «Жібек» фильмінен  тамашалап, кем-кетікті уақытында көріп, туыстармен тату-бірлікте өмір сүруге шақырады. Аталған мәселені шынайы көрсету үшін түсірілім алаңындағы актерлер барын салуда. Былтыр «Жібек» телехикаясы рейтингі жағынан отандық сериалдар ішінде көш бастады. Екінші маусым да одан кем болмауы тиіс, - дейді шығармашылық топ. Бұл биылғы маусымның ең ірі жобасы болмақ, көрерменге жақын күндері жол тартады. Ендеше қапы қалмаңыз! 












Кино