Гүлдер шайқасы
«Гүлдер шайқасы» телехикаясы тұрмыс-тіршілігі тең емес екі отбасының қыздары туралы.
Жанр: мелодрама
Тіл: қазақша, орысша
Ұзақтық: 70 мин.
Көрсетіледі: Апта бойы 21:00-де,10:00-де, қайталауы 17:00-де

«Гүлдер шайқасы» телехикаясы тұрмыс-тіршілігі тең емес екі отбасының қыздары туралы. Дәулетті жанұяға қызмет ететін бағбанның қызы Гүлру әкесінің арқасында кішкентайынан байлықтың не екенін және оның пайдасын біліп өсті. Бірақ ол өте адал, сондықтан бәріне еңбекпен қол жеткізуді дұрыс санайды. Гүлрудың бүкіл отбасы Гүлфем ханымға қызмет етеді. Оның байлығы жеткілікті. Ауқатты отбасының қызының қалауы сол мезетте орындалады. Ол ештеңеден тарықпады. Осының бәрін көріп өскен бағбанның қызы Гүлру Гүлфемнің өміріне қатты қызықты. Сондықтан әрдәйім оның қылықтары мен әрекетін қайталауға тырысатын. Уақыт өте келе кедейдің қызы әдемі өмірге өзін де лайық санап, байдың қызының алдын орайды.

 




Актёры
Дамла Сонмез

Дамла Сонмез

1987 жылы 3-ші мамырда Түркияның Стамбул қаласында дүниеге келген. Актерлік шеберлік өнерін ол Сорбоннада үйренді. Актриса түскен фильмдер: «Через море» (2014), «Гүлдер шайқасы» (сериал, 2014), «История одной любви» (сериал, 2013), «Длинная история» (2012),  «Февраль» (сериал, 2012 – ...), «Освобождение последнего пункта» (2012), «Махпейкер» (2010), «Шакал» (2010), «Госпожа горничная» (шағын-сериал, 2006).

Барыш Килидж

Барыш Килидж

1978 жылы 22-ші маусымда Түркияның Малатья провинциясында туған. 2004 жылдан бастап киноға түсе бастаған. Дегенмен ол көпшілік көрерменге осы «Гүлдер шайқасы» сериалы арқылы танылған. Актер түскен фильмдері тізбегі: «Я люблю тебя, мой мужчина» (2014) «Гүлдер шайқасы» (сериал, 2014) «Фериха» (сериал, 2011 – ...) «Враг в зеркале» (сериал, 2009) «Мои дети» (шағын-сериал, 2004).

Джанан Эргудер

Джанан Эргудер

1977 жылы 15-ші шілдеде Түркияның Стамбул қаласында дүниеге келген. Ол кинодағы карьерасын 2006 жылы бастады. Он жылда түрлі жанрдағы ондаған фильмге түсіп үлгерген. Джанан Эргудер ойнаған фильмдер: «Мың бір түн» (сериал, 2006 – 2009), «Гүлдер шайқасы» (сериал, 2014), «Дервиш» (сериал, 2013 – ...) «Уилл» (2012), «Я похоронил свое сердце» (2011), «Серийные преступления в Анкаре» (сериал, 2010 – 2012).







Кино