Елес қыз
Аңыз әңгіме
Жанр: мелодрама
Тіл: қазақша
Ұзақтық: 60 мин.
Көрсетіледі: Тұсаукесер! Бүгін 00:50-де

Мирайанг қаласында Часон билігі дүркіреп тұрған дәуірде Аран есімді айдай сұлу қыз өмір сүреді. Судьяның қызы өте ақылды, әрі қарапайым болатын. Анасыз өскен Аран өгей шешесінің тәрбиесінде болды. Ол әйел қызды ұнатпайтын. Сондықтан құлдардың бірінің көмегімен оны қалайда жек көрінішті етуге тырысты. Күтпеген жерден өзіне тап берген құлмен алысқан қыз ажал құшады. Ол Аранды орманға тастап кетеді. Бұдан кейін аңыз желісі бойынша қалаға келген жаңа судьялардың бәріне кекшіл қыздың елесі маза бермейтін болады. Елес қыз сол бір қорқынышты оқиғаны айта бастағанда шошынған судьялардың әрбірі сол мезетте өліп кетеді. Бірақ бір күні жаңадан келген судья Ын О өзгелері секілді қорықпайды. Ол керісінше Аранмен сөйлеседі. Сөйтіп екеуі кезінде қызды өлтірген қылмыскерді табуға кіріседі.   


Актёры
Хан Джон-су

Хан Джон-су

1974 жылы 20 қарашада Оңтүстік Кореяның Сеуіл қаласында туған.  Түскен фильмдері: «Она – просто нечто» (сериал, 2013), «Елес қыз» (сериал, 2012), «Посейдон» (сериал, 2011), «Король Кынчхого» (сериал, 2010 – 2011), «Очаровательный прокурор» (сериал, 2010), «Охотники за рабами» (сериал, 2010), «Рисующий ветер» (сериал, 2008), «Подсолнух» (2006).

Щин Мин-а

Щин Мин-а

1984 жылы 5 сәуірде Оңтүстік Кореяда туған. Ол түскен кинокартиналар тізбегі: «Завтра с тобой» (сериал, 2017 – ...), «Тихая мечта» (2016), «О, моя Венера» (сериал, 2015 – 2016), «Моя любовь, моя невеста» (2014), «Кёнджу» (2014), «Икс» (2013), «Елес қыз» (сериал, 2012), «Моя девушка – Кумихо» (сериал, 2010), «Миллион» (2009), «Кухня» (2009), «Сестры на гастролях» (2008), «Вперед, семидесятые!» (2008), «Моя могучая принцесса» (2008), «Красавица и чудовище» (2005), «Вулканический удар» (2001), «Чудесные дни» (сериал, 2001). 







Кино