Абысындар
Телехикая бір отбасына келін болып түскен апалы-сіңлілі қыздар туралы.
Жанр: мелодрама
Тіл: қазақша
Ұзақтық: 60 мин.
Көрсетіледі: дүйсенбі - жүма күндері, 23:00-да, қайталау 09:00

Телехикая бір отбасына келін болып түскен туған апалы-сіңлілі қыздар туралы. Басты рөлде қазақстандық көрерменге үлгілі келін ретінде танылып үлгерген Ананди рөлін сомдаушы, белгілі актриса- Авика Гор. Тағдырдың таңдауына орай, туған әпкесі Симарға абысын болған Роли бұл сериалда да отбасындағы татулықты сақтап, береке мен бірліктің тұтқасы болуға тырысады. Жанұясы үшін жанын құрбан етуге дайын Роли әдеттегідей үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, абысынмен тату, ағайынға бауырмал болады.  




 


Актёры
Авика  Гор (РОЛИ)

Авика Гор (РОЛИ)

1997 жылы 30 маусымда Үндістанның Мумбаи қаласында дүниеге келген.  Талантты қыздың актерлік өнердегі қадамы «Келін» телехикаясындағы Ананди рөлі болды. Актриса осы сериалдан кейін кең танымалдылыққа және көптеген марапаттарға ие болды. Ол түскен фильмдер: «Утренняя прогулка» (2009), «Школа» (2010), «Скорость» (2012) «Келін» (2008-2010), «Абысындар»  (2011-2013). 

   

Дипика Какар (СИМАР).

Дипика Какар (СИМАР).

Үнді актрисасы. 1986 жылы 6 тамызда Пуна қаласында туған.  







Кино