Қара нан
Бәрін басынан бастау мүмкін бе?
Жанр: мелодрама
Тіл: қазақша
Ұзақтық: 70 мин.
Көрсетіледі: Тұсаукесер! Бүгін 21:00-де

Телехикая Ыстамбұлдың шет аймағында тұратын Асие мен Мине есімді ағайынды қыздардың өмірі туралы. Махаббатсыз, ақшасыз, болашаққа деген сенімнің жоқтығына қарамастан олар өмірден түңілмеді. Әрдайым бір-біріне демеу болып, армандауды тоқтатпады. Үлкені Асие өр мінезді, өзіне сенімді қыз. Ал кішісі Мине керісінше өте байсалды және көнбіс. Тағдырдың қатал сынағына қарамастан апалы-сіңлілер өмірді сүйді. Арман алдамады. Күтпеген жерден екі қыздың бірінің өмірі адам сенбестей өзгереді...Махаббат, опасыздық және өшпенділік. Телехиканың сюжет желісі осылай жалғасады.    








Актёры
Озлеи Йильмаз

Озлеи Йильмаз

Түрік актрисасы 1986 жылы 17 шілдеде Ыстамбұл қаласында дүниеге келген. Түскен фильмдері: « Муж по принуждению» (сериал 2007), «Ұмытылмас» (сериал 2009), «Қараоғлан» (2013), «Ответственность» (сериал 2014), «Қара нан» (2015).  



Усхан Чакыр

Усхан Чакыр

Түрік актері 1984 жылы туған. Түскен фильмдері: "Ғаламат ғасыр". (сериал, 2015 – ...),"Қара нан" (сериал, 2015 – 2016),"Курт Сеит пен Александра" (сериал, 2014), "Сүй мені"(2013),"Потерянный город" (сериал, 2012), "Лейла мен Мәжнүн" (сериал, 2011 – 2013). 



Элифджан Онгурлар

Элифджан Онгурлар

Актриса 1993 жылы 7 маусымда Түркияның Измир қаласында туған. Түскен фильмдері: "Қыз ақысы" (сериал, 2015 – 2016), "Қара нан" (сериал, 2015 – 2016),"Потерянный город" (сериал, 2012), "Где горит огонь" (2012).

   





Энгин Хепилери

Энгин Хепилери

Түрік актері 1978 жылы 3 наурызда Ыстамбұлда дүниеге келген. Актер түскен фильмдер: "Пусть играет музыка" (2015), "Қара нан" (сериал, 2015 – 2016), "Дождь: Цветок апокалипсиса" (2014), "Охотничий сезон" (2010), "Разбивающая сердца" (сериал, 2010 – 2011), "Последний урок" (2008), "Үзілген жапырақтар" (сериал, 2006 – 2010), "Кампус" (шағын-сериал, 2003), "Хюррем Султан" (мини-сериал, 2003), "Любимый муж" (сериал, 2002). 












Кино