Ғашық жандар
Ғашық жандар бірге болу үшін қиындыққа төтеп бере ала ма?
Жанр: мелодрама
Тіл: қазақша
Ұзақтық: 60 мин.
Көрсетіледі: дүйсенбі - жексенбі күндері, 23:50-де

Басты кейіпкердің əкесі лайықты өмір сүру үшін шағын қаладан дəулетті Мумбайға қоныс аударады. Ол өзімен кішкентай ұлы Ранвирді де ала келеді. Жаңа қалада отағасы байдың үйіне қызметші болып орналасады. Қожайынының Ишани есімді қызы болады. Алғашында Ранвир мен Ишани ажырамас достарға айналады. Ұл ержетіп, қыз бойжеткенде бір-біріне ғашық болып қалады. Алайда, олардың қаржылық жəне тұрмыстық жағдайы тең емес. Сол себепті қыздың туыстары екі ғашықтың арасында қандай да бір байланыстың болғанына қарсы. Түптің түбінде бір-біріне ғашық жандар бірге бола ала ма?







Кино