Қасиетті мекен
Сарыарқаның бұйдалы белдері мен Алтайдың сабынды көлдері, Каспийдің толқын ұрған тастары мен Түркістанның күн сүйген күмбездеріне дейінгі аралықты алып жатқан Қазақстан - қасиетті мекен туралы деректі фильмдер топтамасы.
Жанр: деректі фильм
Тіл: қазақша
Ұзақтық: 30 мин.
Көрсетіледі: Жұмыс күндері 18:00 -де

Жобада Қазақстанның мәдени мұрасы, тарихи орындары, қасиетті құндылықтары жайында баяндалады. Ұлы Даланың киелі жерлерін қадірлеп-қастерлеу — ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымының ерекше маңыздылығын атап өтті. «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі — неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол — ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі» — деді Елбасы. 







Кино