Жетер
Бірі - от, бірі - су, қиын болар ұғысу...
Жанр: мелодрама
Тіл: қазақша
Ұзақтық: 60 мин.
Көрсетіледі: Жуырда!

Айлин тұрмысқа шыққан соң әлемдегі ең бақытты әйелдің бірі боламын деп ойлады. Өмірінің мүлдем өзгеретінінен үмітті еді. Бірақ тұтқын секілді боламын деп ойламады...Күйеуі Йектаның мінезі суық, өте қатігез адам болып шықты. Ал оның тәрбиесін көрген ұлы сәйкесінше әкесі секілді - дөрекі, қаталдыққа бейімделіп өседі. Мұндай сорақылықтан соң Айлин екінші баласын Йектадан жасырып өсірмекке бел буады. Ол, қызы туған кезде өліп қалды деп өтірік айтып, баланы өз ағасына береді. Оның азаматтық некедегі әйелімен балалары жоқ болатын. Екеуі ақша үшін келісім береді. Бірақ ағасының әйелі бұл сырды досына жеткізіп, ал ол мұны ақша табудың көзіне айналдыруға көшеді. Тіпті Йектаға қызы туралы құпияны астарлап жеткізеді. Ал Айлин енді не істемек?...   



 













Кино