REPORTER ұсынады
...
Жанр: журналистік зерттеу
Тіл: қазақша
Ұзақтық: 35 мин.
Көрсетіледі: сенбі, 18:00 -де

- Все.. потому что вы аферой занимаетесь настоящей. У нас все официально, куда хотите, туда идите. Жалуйтесь.

Бұл азаматтар нені даулап жатыр? Арқалықтан отыз, бір әулеттен отыз. Алпыс адам қыруар ақшасын бөтеннің қолына неге берді?

Қайырбек Нұрмағанбетов:

Байзақов Иса 220 тыс положил. Соның бір тиынын алған жоқ. Сол сияқты арқалықтан 30 адам он мыңнан салды, ешқайсы алған жоқ. В общей сложности өз басымнан семьямнан салғанда 32 адам салдым.

Қаржы пирамидалары. Жеңіл табысқа қызығып, аузы күйген күйген бе, күйдірген бе?

Талант Рамазанов, заңгер:

Осындай қызметті басқармаған, бірақ өзі білмей қалып осы қызметке араласып кеткен азаматтар да үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылып қалуы да мүмкін.

Компанияның есігін жабылады, ал жылап қалғандардың жыртығын кім жамайды?

Жұма Ерден, Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысының орынбасары міндетін атқарушы:

Қайтару процесі де күрделі. Өйткені ол компаниялардың атында ия дүние мүлкі жоқ, банктерде көбіне ақшасы жоқ.

Талант Рамазанов, заңгер:

Ақшасын салып қойғандарға менің берер кеңесім, ол ақшаны ұмытыңыз, берген садақа ретінде ұмытып, оған өз уақытыңызды жоғалтпаңыз.

Азамат Алдоңғаров, тілші:

Қазақта «періште алтын көрсе жолдан таяр» деген мақал бар. Бұл сөз парқын сынайтындар көп. Сыншылардың көш басында Ұлы Абай тұр. «Періште алтынды қайтсін, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны» деп қорытады хәкім. Ұлы ақынымыз дүние салғаннан кейін он бес жыл санап Америкада Чарльз Понци деген италиялық мигранттың есімі мәшһүр болыпты. Оның қазақ мақалына, қала берді Абайға қандай қатысы бар деп ойлап отқан шығарсыздар? Дәл осы Понцидің жаңалығы қазақ мақалының мәнін аша түскендей. Қалай? Оны алдағы жарты сағатта айтып береміз.

1919 жыл. Чарльз Понци есімді италиялық арман қуып АҚШ-қа келеді. Бөтен елде күнелтудің қамын ойлаған жігіт бір қулыққа барады. Оны адамзат кейін «Понци тәсілі» деп атап кетті. Мәні мынада. Оңай олжаға құмар азаматтардың тамырын дөп басып, 45 күнде салған ақшаңа елу пайыз, тоқсан күнде 100 пайыз табыс көресің деп халықаралық пошта купондарын сатып алуға аңқау америкалықтардан ақша жинайды. Сөзі салмақты болу үшін бір газеттің жарнамасына ақша төлеп, дақпырт таратады. Сонымен инвестор сымақтар түкке қажетсіз пошта маркаларына ақша құя бастайды. Тіпті күніне 250 мың долларға дейін салыныпты. Қомағай халық, жақсы жарнама, қулық. Үш тағандап - адамзаттың соры, қаржы пирамидасы тұрғызылды.

-  Никто нечего получат не будет. Олар компанияныңт условиясын орындаған жоқ. - Вам хорошо да , біреудің арқасында бизнестеріңді көтеріп жатырсыңдар. Алтыншаш: Когда нибудь мен сенен тыс доллар алдым ба. 
- Вы нечего не докажете.

Ал бұл біздің заман. Заманы несі, біз бен сіздің сүйікті қаламыз Астанада болып жатыр, тартыс. Алтыншаш есімді азаматша бір топ бизнес серіктестерімен, инвестицияларын даулап жатыр. Хэппи лайф кейзет деп аталатын жеке компания визиткасында «Қол жетімді баспананы» кепілсіз, ипотекасыз беретін бағдарламамыз бар деп жазған. Қолжетімді баспана деген сиқыр сөзге елең ете қалған халық мәселенің мән-жайына тереңдемей ақшасын ала жөнелген. Үлгергендер азын-аулақ ауызжаптырық алған, оларға ентелеп ергендер ештеңесіз қалған.

Қайырбек Нұрмағанбетов:

Бір жылдай жұмыс істедік. Бір жылдай жұмыс істегенде әдемі бастаған едік. Содан 250 мыңдай адам әкелдік. Бәрі 10 мыңнан салды. В надежде ұтамыз деп. Сосын январь айынан бастап матрицаны өзгертіп тастап пленар қылып жіберді. Три раза больше адам алып келу керек. Бұрын 50 мыңнан кіретін болсаң, енді 200 мыңнан кіретін болдық. Бұрын 200 мыңнан кіргенбіз, Жұмабек, Иса мен бәріміз. Онда жаңағы кіретін 600 мыңнан болды. Оған адамның шашы жетпейді, кіру невозможно.Ол матрицаның первоначальный условиясын өзгертті.

Ойын тәртібі түрленіп, ұйымдастырушылардың тәбеті барған сайын арта беріпті. Десе де халық ағыны тоқтаған жоқ. Бұл ағамыздың соңынан Арқалықтан отыз, әулетінен отыз адам олжалы боламыз деп еріпті. Ізбасарлары табыс қайда деп діңкелеген соң компанияға келді.

Қайырбек Нұрмағанбетов:

Байзақов Иса 220 тыс положил. Соның бір тиынын алған жоқ. Сол сияқты арқалықтан 30 адам он мыңнан салды, ешқайсы алған жоқ. В общей сложности семьямнан барлығы 32 адам салдым. 200 мың былай жібердік. 32 мыңнан салдық. 650 мыңмен кірген ақшамды алдым. Алдым. Ұтыстан түсіріп тастады мені. Бір тиын алмаған адамдар менен сұрайды. Айтсам қайтармаймын дейді.

Күдікті компания өкілдері салымшылардың өздеріне дүрсе қоя берді.

- Я вам еще раз говорю, вы нечего не делайте, потому что официально тіркелген, мы платим налоги, если люди өз услугасын орындамаса мы не виноваты. Олардың адамдары жұмыс істемейді.

Компанияны күдікті дейтініміз, ресми түрде тіркелген дегенімен, сыртында ешбір жазуы жоқ, салымшыларымен ауызша ғана келісімшарт жасалған.

Жарнамаға сеніп, жиған-тергенін портфельге салған сан соғып қалды.

- Ақша көбейтіп квартира, үй аламыз деп ойладық.Қазір ақша жоқ.

Бизнес пен батпан құйрық, табыс пен тақырға отыру. Қалай ажыратпақ керек?

Ғалымжан Керімбек, экономика ғылымдарының кандидаты:

Басында бастаған 3-4 адамға баспанасыз әперіп қояды. Көлігін әперіп қояды. Қызықтыру үшін. Кейінгі келген адамдарға бастапқы келгендерін үлгі ретінде көрсетіп отырады.

Алмат Нұрадинов, психология ғылымдарының кандидаты:

Адамда да қызығушылық, құмарлық пайда болғаннан кейін бұл жаңағы құмар ойын сияқты. Компьютердік ойын сияқты, карта ойнау деген болсын, осындай ойын сияқты.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жыл сайын жаңа атпен шыққан қаржылық пирамидаларға ақша салып, несиесін жаба алмай инсульт алып ағайынмен кетіп жатқан азаматтар көп-ақ.

Қаржы пирамидаларының қаупі туралы парламент мінберінен де айтылды. Халықтан хат алған Бекболат Тілеухан бас прокурордың атына сауал тастады.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Биыл Questra World дейтін қаржылық компанияның дақпырты жүріп тұр. Аңқау қоғам олардың сен инвесторсың дегеніне сеніп, жиған бар ақшасын соған салып жатыр. Көлік алуға, үй алуға, бизнес ашуға деп жинаған қордағы барлық ақшасын осы компанияның шотына салады да, одан аз уақытқа пайда көрем деп алданып отыр және алданғалы жатыр. Осы Questra тақылеттес Қазақстандағы компанияның орта деңгейлі менеджерінің астына келіп қосылғандардың өзі 12 миллион доллар жинап беріпті. «Толық ақшаның көлемін біле алмаймыз, қисабы жоқ онда. Енді осы Questra сияқты компаниялар өздерін Испанияда орналасқанын айтқанмен, негізгі мекен-жайы Виргин аралдары секілді оффшорларда орналасқан.

Сайлаушылардың мұңын мінберден бас прокурорға жеткізген депутаттың сауалына мынадай жауап келіпті.

«Ұлттық Банктің мәліметтеріне сәйкес Questra World компаниясы қаржы ұйымдарының тізімінде жоқ және оның депозиттерді, банк есепшоттарын ашуға және енгізуге лицензиясы жоқ екенін хабарлаймыз. Қаржылық пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша Questra (және басқа қаржылық пирамидалардың)өкілдеріне қатысты ұқсас істер Алматы, Маңғыстау, Шығыс-Қазақстан облыстарының, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер органдарымен ұқсас істер тергелуде...» 

Азамат Алдоңғаров, тілші:

Тергелуде деп созылмалы шақта жазылған жауаптан кейін, істің мән-жайын халыққа тәптіштеп жатқан прокурорлар жоқ. Халық қалаулысының да миссиясы сауалды сойып салып, екі парақ қағазды парламент сайтына салумен аяқталыпты. Біздің редакцияның Бас прокуратураға да, Ішкі істер департаментіне де жолдаған ресми сауалдарына хабар шыққанша сол қалпы жауап болмады.

Алтынай Әбжанова:

Конешно ешкімге қарай алмадым. Ұят болды. Әлі де ұялам ел-жұрттан. Осындай компанияға алдандық, ақша табамыз деп.

Алтынай Әбжанова жиырма жылдан астам әскер қатарында қызмет етіп, зейнетке шыққан. Жәй жатпай, танысының кеңесімен табыс таба қояйын деп, Бай тайм деп аталған қаржы ұйымынан инвестициялық портфель алыпты.

Алтынай Әбжанова:

Маған информацияны подругам берді. Осындай компания бар. 100 доллар салсақ, процент түседі үстіне. Да, басында процентпен алып тұрдық. Кошелекке электронный шығардық. Ақша түсті, ақша болды. Сосын телевидениеден көрсетті бізді. Сосын кісі шақыруды бастадық. Көбінесе туысқандарымызды шақырдым өзімнің...Сол артымнан көп кісі ерді. Сенді, телевидениеге, маған сенді, компанияға. Ақша болғасын. Ақша бергесін компания. 29 октябрьда компания жабылып қалды.

Алтынайды байытпаған Бай тайм бір жылға жетпей тайм аут алды.  Компания электронды әмиян арқылы, интернет кеңестікте іс жүргізген. Салымшылар смартфондағы арнайы қосымша арқылы аккаунттан ақшасын бағып отырған. Телегей табыс көрінген бизнес бір-ақ түнде жоқ болды.

Алтынай Әбжанова:

100 доллар салдым. Сосын ішінде заработала, портфельді көбейттім. Хотела больше процентов получать... 7 мың доллар желіндім. Компании нету, данный нету. Президента компании Д. Лютов жоқ, найти не можем. Біздің салған ақшамыз да жоқ. Мы же практический не вытаскивали эти деньги.Салып, портфельді көбейтіп отырдық. Хотели больше заработать,жадность сгубила.

Психологтар адамдардың бұндай ашкөздігін құмарлықпен қатар қояды. Жеңіл олжаға бір кенелген адамның, қайырылып келетінін алаяқтар жақсы біледі. Сондықтан осал тұстан ұрады.

Алмат Нұрадинов, психология ғылымдарының кандидаты:

Бір рет таптық деп алғаннан кейін сол адам соған қарай тіпті, мысалға бір зерттеулер бар, соның нәтижелері бойынша адам осылай кейбір ішінде өте пысықтары аз уақытқа ғана ақшаларын тапсырып, осылай ақша алып, содан кейін үйіне келіп отырғаннан кейін қолдарында көп ақша бар, сол ақшаны да өзінің басқа қажеттеріне жаратпай қайтадан ертеңіне барып, тапсыруға құмарлық яғни азарт, солардың бәрі былай алып қарасаңыз артынан сазға отырды деп айтуға болады.

Ал қаржыгерлер бір теңгенің үстіне бүтін бір теңге беретін қаржылық механизмдер табиғатта жоғын айтады. Сауаты төмен азаматтар бизнес пен күмәнді батпан құйрықты шатастырып, опық жейді.

Ғалымжан Керімбек, экономика ғылымының кандидаты:

Басында бастаған 3-4 адамға баспанасыз әперіп қояды. Көлігін әперіп қояды. Қызықтыру үшін. Кейінгі келген адамдарға бастапқы келгендерін үлгі ретінде көрсетіп отырады. Маман ретінде айтатыным олай ететін болса кез-келген адам байып кетеді ғой. Бірақ енді бұл жерде кейбір азаматтардың қаржылық сауатсыздығын пайдаланып, мынау адамдар соны алдауға көшіп жатыр ғой. Бұл заңды түрдегі құбылыс болып жатыр. Қазір елімізде қаржылық дағдарыс болып жатыр, міне осыны пайдаланып, қазір кейбір пысық азаматтар кейбір азаматтардың жүйкесінің сыр беріп жүргені белгілі ғой, қазір барлық азаматқа қаражат керек, баспана керек, көлік керек, басқа да бір мұхтаждықтарына қаражат керек. Соны олар біледі де, психологиялық түрде сол адамның ойына дөп келеді. Содан адам ұрынады ғой.

Кәсіпкер, депутат Азат Перуашев дәулетін қалай тапты?

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Ол кезде КСРО еді, мен ол кезде студент едім. Свердловск, ресейде. Біз ондай пирамидаларды көрдік.

Қаржы пирамидасымен тартысқа ғұмыры жетпегендер.

Виктор Тысяцкий:

Четыре человека уже перестали верить, сказали не будет проку и сказали мы не будем воевать. Вот это время еще три человека умерло. Ну все люди преклонного возраста.

Қаржы пирамидасына қатысушылар алданған ба, алдаған ба?

Талант Рамазанов, заңгер:

Сіз байқаусызда сол қылмыскерлерге көмектесуші ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылып кетуіңіз мүмкін.

Виктор Тысяцкий қазір жетпіс бесте. Бірінші топтағы мүгедек. Алдындағысын сипап танитын зейнеткер кезінде қара басып қаржы пирамидасына қалай кіріп кеткенін өзі де білмей қалыпты. Зағиптардың зейнетақысына көз салған алаяқтар, шөп басын сындырмай, ақша аласыңдар деп қарияларды шыр айналдырып түсірген.

Виктор Тысяцкий:

Он адам сеніп, пирамидаға кірейік дедік. Он адамның барлығы зағип жандар. Мен молырақ табыс таба қояйын деп екі орын алдым. 105 мың теңгеге. Бастапқыда қалаған күнде ақшаны қайтарып, пирамидадан шығып кете аласыздар деді ғой. Аларын алып болған соң, бізді мазаққа айналдырды. Олар үшін қасиетті түк те жоқ. Бастапқыда анамның денсаулығымен ант етемін, Құдай көріп тұр деп уәдені үйіп төкті. Ақшаны қайтара алмай жүргенде, Құдаймен ант беріп едіңдер ғой десем, қажетіңді Құдайдан сұрап ал дейді.

Қарияның ақшасын бұлдап жүргеніне міне жетінші жыл кетті.  Бес жыл бойы тергелген іс соңына жетпей қанша жабылған. Одан соттың машақаты тағы екі жылға созылыпты. Арпалыста жүріп, салымшылардың кейбірі өмірден де өтіпті.

Виктор Тысяцкий:

Әділдік іздеп бес жыл жүрдік қой. Сол аралықта 13 тергеуші ауысты. Іс әне-міне сотқа кетеді дегенде тергеушіміз ауысып кетеді. Істі мұрағаттан үш рет қайтардық қой несі керек. Одан кейін адвокаттар алқасының мүгедектерге тегін қызмет көрсету мүмкіндігін пайдаландық. Сонымен сотқа жетіп, бізден ақша алғандардың алаяқ екенін дәлелдеп шықтық. Сол кезде он адамнан алған ақша бас аяғы 25 мың долларды құрады. Он адамның төртеуі ақшаны өндіре алмаймыз деп бірден бас тартты. Алты адам қалдық. Ол алты адамның үшеуі бүгінге дейін жетпей, қайтыс болды. Күресіп жүрген үшеуміз қалдық.

Күрескер үшеудің қолында ақша өндірілсін деген сот үкімі бар. Сот орындаушысы тіпті тиісті ақшаны өндіріп те алған. Бірақ соңғы сәтте қариялардың қаражатын қалтасына басып, тайып тұрады. Зағип жандар енді сот орындаушысының ізіне түсіп, кезекті күреске кірісті. Бірақ бұл күреске ғұмырымыз жетер ме екен деп күрсініп отыр.

Талант Рамазанов, заңгер:

Ақшасын салып қойғандарға менің берер кеңесіп, ол ақшаны ұмытыңыз, берген садақа ретінде ұмытып, оған өз уақытыңызды жоғалтпаңыз. Бірақ екінші өміріңізде ешқашан қайталамаңыз.

Заңгердің пессимизмге салуының себебін әңгіме барысында түсіндік. Қазақсанда азаматтар арасында белгілі бір келісімшарт жасалып, оның талаптары бұзылса, сен бірінші өзіңнің зардап шеккеніңді азаматтық сотта дәлелдеп шығуың керек. Одан кейін ғана қудалауға кірісесің.

Талант Рамазанов, заңгер:

Бізде осы 2018-ші жылдың бірінші қаңтарынан бастап қылмыстық іс жүргізу кодексіне  өзгертулер енді. Өкінішке орай мен заңгер ретінде айта аламын, бұл өзгертулер қаржылық пирамидалардың көбеюіне әкеліп соқтыруы мүмкін. +03:20. Өйткені осы өзгертулерге сәйкес егер екі азаматтың арасында азаматтық-құқықтық келісімшарт болатын болса, және ол бойынша қандай да бір дау туындайтын болса, алданып қалған азамат полицияға келіп арыз беретін болса, арызы қабылданбайды. Себебі бұндай даулар азаматтық сотта ғана шешілуі тиіс.

Сот тиісті шешім шығарып, ол күшіне еніп, арыз қабылданғанша алаяқ қарап отырар ма екен? Әрине жоқ. Бірақ біздегі заң солай. Мемлекеттің кәсіпкерлікті артық тексерістен босату шараларының осындай кем тұстары бар. Оны заң қабылдаған депутаттардың өздері де мойындайды.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Көп сын айттық. Бәріміз. Мен өзім де Атамекеннің негізін қалаушылардың бірі болсам да менің ойымша біз осы экономикалық еркіндікті жауапкершілікпен бірдей қарауымыз керек. Әйтпесе кәсіпкердің бас мақсаты бар ол ақша табу. Ақшаға Маркстың айтуы бойынша, 500-дік пайыз көрсе ол бәрін сатуға дайын болады.

Классикалық қаржы пирамидасы деген не?

Талант Рамазанов, заңгер:

Пирамидада мен халықтан жинаған ақшаны ешқандай кәсіпкерлік немесе шаруашылық мақсатта қолданбаймын, тек қана жаңадан қатысушыларды тарту арқылы ғана сізге 100 тг-нің орнына 120 қайтарып отырамын.

Табыс қайдан түседі?

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Маған өз өмірімде тегін аспаннан ештеңе түскен жоқ.

Маңдай терлемей теңге табу мүмкін бе?

Бауыржан Сыдықов, инвестициялық кеңесші:

Біреуі мың теңгеге құнды қағаз сатып алса, біреуі жүз, миллионнан бастап сатып алуға мүмкіндіктері бар.

Азаматтарымыздың алаяқтарға алданғанына кім жауапты?

Алмат Нұрадинов, психология ғылымдарының кандидаты:

Мемлекет қайда қарады, үкімет қайда қарады, мынаған неге тиым салмайды деген әңгіме пайда болады да.

Депутат Азат Перуашев азаматтардың алданып қалуына өздері кінәлі дейді. Жеңіл табысқа оларды бірінші кезекте ашкөздігі итермелесе, сауатсыздығы тіпті соқыр етеді. Капитализм желі алғаш ескен жылдары Азат Перуашев жап-жас жігіт еді.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Ол кезде КСРО еді, мен ол кезде студент едім. Свердловск, ресейде. Біз ондай пирамидаларды көрдік. Бірақ өзім оған қатысқан да жоқпын +09:49. Маған өз өмірімде тегін аспаннан ештеңе түскен жоқ. Маған не келсе де еңбегімнің арқасында, әрекеттерімнің арқасында келді. Сондықтан мен жеңіл ақшаға, табысқа, байлыққа сенбеймін.байлық тек еңбек арқылы, білім арқылы келеді деп ойлаймын.

Нәпақаны еңбектеніп табудың дәмін әсіресе аға буын жақсы біледі. Олардың түсінігінде табыстың тәтті дәмін тек ащы тер төгіп татуға болады. Бірақ заман ағымымен ақшаны күш салмай табатын жолдар табылып жатыр. Десе де, ол алаяқтар айтқандай бір теңге беріп, он теңге алатын оңай жол емес.

Талант Рамазан, заңгер:

Қазақстанда жалпы әлемде бірден 15-20 пайыз табыс табу бір жылдың ішінде мүмкін емес. Мысалы банкке өз ақшаңызды тапсыратын болсаңыз сіз 9-11 пайыз тек қана бір жылдың ішінде аласыз. Егер акция, облигацияларды сатып алсаңыз ол жақта мүмкін 15-17 пайыз табуыңыз мүмкін. 50-100 пайыз табу тек қана лотореяда болады.

Акция демекші. Қазақстан соңғы жылдары халықты ұлттық компаниялардың акционерлері болуға жаппай шақырды. Бірақ қазақ қоғамы құнды қағаз ұғымын әзір меңгере алмай әлек. Одан қалды қаржы пирамидаларынан әбден беті қайтып қалған халық ақшамен ақша табуға күмәнмен қарайды.

Бауыржан Сыдықов, инвестициялық кеңесші:

Құны қағаздардың табыстылығы әртүрлі. Ол үшін біріншіден имитентті алып қарау керек. Мысалы қарасақ қазминералс компаниясының табысы 60 пайыз бен жүз пайыздың ортасында болса, банк секторы 15-30 пайыз жылына табыс көрсетіп отырады.

Ден қойып, зерттегенге құнды қағаздар нарығы тәп-тәуір табыс. Мамандар бірақ кез-келген қаржылық операциялар тәуекелмен қатар жүретінін ескертеді. Бәрі өзіңнің, не ақшаңды сеніп тапсырған брокердің білігі, түйсігіне тәуелді. Ал қаржы пирамидасы бір адамның тойынуына ғана жұмыс істейтін механизм. Адамзаттың жеңіл ақшаға деген желігі басылмай, ашкөздігі тыйылмай, оны тоқтату мүмкін емес.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біз оны бір жүйеге келтірейік десек, бір анық принциптерге келтірейік десек, иә ондай принциптерді жасауға болады. Қаржы министрлігіне, басқа да тиісті мемл органдарға сол ұйымдардың тізімін жасауымыз мүмкін, бірақ біздің заңдылығымызға сәйкес, кез-келген кәсіпкер оның мекемесі бүгін жабылса, ол ертең басқа бір атпен, бір әріпті өзгертіп, басқасын ашып, қайтадан жұмысын бастауы мүмкін. Бұл да экономикалық еркіндіктің бір кемшілігі деп айтуға болады.

Жұма Ерден, Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысының орынбасары міндетін атқарушы:

2017 жылы 11 қылмыс тіркеп осы салада, оның 10-н сотқа жолдады. Келтірілген залал мөлшері 800 млн теңгеден асты.

Алтынай Әбжанова:

Я сама лично не писала. Девочки писали, но там, но оттуда никаких нету результатов.

Жұма Ерден, Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысының орынбасары міндетін атқарушы:

Қайтару процесі де күрделі. Өйткені ол компаниялардың атында ия дүние мүлкі жоқ, банктерде көбіне ақшасы жоқ.

Әлемдік практикада қаржы пирамидасын құру ауыр қылмыс түріне жатқызылады. Сауд Арабиясы мен Қытайда ол үшін тіпті өлім жазасы кесіледі. Қазақстанда қылмыстық кодекстің 217-ші бабы бойынша қаржылық, инвестициялық пирамида ұйымдастырған үшін бес жылдан он екі жылға дейін соттауы мүмкін. Бірақ біздің азаматтар соңына дейін ақшамызды қайтарар деген үмітпен жүре беретін көрінеді.

Жұма Ерден, Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысының орынбасары міндетін атқарушы:

Экономикалық тергеу қызметі өткен 2017 жылы 11 қылмыс тіркеп осы салада, оның 10-н сотқа жолдады. Келтірілген залал мөлшері 800 млн теңгеден асты. Жалпы қаржы пирамидасы Қазақстанның кез-келген аумағында тіркелуі мүмкін. Өйткені өздерінің білесіздер, қазір көп осы қаржы пирамидалары интернет арқылы тарап жатыр.

Талант Рамазан, заңгер:

Дүниежүзілік деңгейде бұндай қаржылық пирамидалар жүз жылдан астам өте қарқынды жолмен дамып келе жатыр. Мысалы шетелде ондай қылмыскерлердің құқықтық білімі де өте жоғары. Олар мысалы басқа қылмыспен әрекеттесу шарттары жасалмаған мемлекеттермен африка елінде, басқа мемлекеттерде өз компанияларын тіркейді.

Алтынай Әбжанова ақша салған Байтайм компаниясының бас ғимараты да Ұлыбританияда тіркелген көрінеді. Тақырға отырғанына өзін табалаған азаматша, шындық іздеп шетелге бармақ түгілі, өзіміздің құқық қорғау органдарына баруға батпай отыр.

Алтынай Әбжанова:

Я сама лично не писала. Девочки писали, но там, но оттуда никаких нету результатов. Потому что мы сами глупо попались.Глупо очень даже. Жадность наша, добыча легких денег.Легких денег не бывает в жизне. Надо их зарабатывать. 

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Заманауи технологияларды пайдалана отырып оларды тіпті қолынан ұстап алсаң да ақшасы кетіп қалады. Мәселе сонда. Ақшасы жәй емес, шетелге кетеді. Оны не қайтара алмайсың, не тоқтата алмайсың.

Халықтың қомағайлығын басты қару еткен алаяқтарға технологиялардың дамуы тіпті таптырмайтын құрал болды. Жемтігінің жүзін көрмей, бос уәдемен қалтасын сыпыратындар, онлайн жатып семіре береді. Әлемде криптавалюталардың дамуы онсыз да жүгенсіз жүрген қылмыскерлерді тіпті тайрандатуы мүмкін дейді мамандар. Ал Қазақстан Астана қаржы орталығын криптовалюта алаңына айналдыруды көздеп отыр.

Талант Рамазанов, заңгер:

Мысалы биткойн арқылы қр азаматынан алынған әрбір теңге ертең кімнің есебінен қайтарылады. Ол қай жерде сақталады. Оны сақтайтын ұйым аудиторлық есеп өткізеді ме деген сияқты жүздеген сұрақтарға жауап бергеннен кейін ғана олар өздерінің қызметтерін жүзеге асыра алады. Өйткені биткойндарды былай қойып, біз қазір біздің зейнетақы жарналарымыздың мүшкіл жағдайда болып жатқанын көріп жатырмыз. Ол биткойн емес, барылығының мойындайтын доллардың өзі қазір бір жаққа кетіп қалу қаупі бар. Ал қарағанда биткойн ертең бір жерде компьютер өшіп қалды, хакерлердің шабуылының нәтижесінде мысалы барлық азаматтар жинаған биткойндар 1 млрд доллар жоқ болып кетті десе, онда оған кім жауап береді деген сұрақтарға мен заңгер ретінде, жауап табылмағанша ондай әрекеттерді жүзеге асыруға болмайды.

Бір сөзбен айтсақ, алданып қалу оп оңай. Қадам басқан сайын қауіп арта береді. Оның үстіне халықтың қаржылық сауатсыздығы, басын тасқа ұрса да сабақ алмайтынын көрсетіп отыр.

Қайырбек Нұрмағанбетов:

Бұл ең бастағы матрица условиясын өзгертіп, қиындатып,қымбаттатып жібермесе жұмыс істеуге болар еді.

Ағамыз өлердей сенген компаниясы есік-терезін жауып, қолды бір сермеп кеткенше үміттеніп, кеткісі келмей айналшықтап жүрді.

-Адамды сонша алдап шақыруға болмайды ғой.

-Енді қаржылық пирамида екеніне көзіңіз жетіп тұр ма?

-Жетіп тұр енді.

Біз тілдескен азаматтар жем болды деп, жақтасу тағы қисынсыз. Заңмен сөйлесек, күмәнді қаржы ұйымдарына қаражат құйғандар қызметіне қолдау көрсеткен, адам тартқандар жұмысын қыздырған болып есептеледі. Сондықтан шындық іздеп шырылдағандардың өздері бір сәтте шатылып кетуі мүмкін. Жарты сағаттың сығындысы «тегін ірімшік тек қақпанда».    











Кино