Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Тасқын судан зардап шеккен өңірлерде оқушылар ҰБТ-ға сапалы дайындала алмайды",-сенатор

18.04.2024ж. 20:00
331
"Тасқын судан зардап шеккен өңірлерде оқушылар ҰБТ-ға сапалы дайындала алмайды",-сенатор

Тасқын судан зардап шеккен өңірлерде оқушылар ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындала алмайды. Бұл туралы сенатор Ғалиасқар Сарыбаев өзінің депутаттық сауалында көтерді. Тасқын салдарынан еліміздегі көптеген мектепте оқушылар қашықтан оқытылып жатыр. Балалардың алдағы сынаққа сапалы дайындалуға мүмкіндігі де, жағдайы да жоқ деді депутат. Сондықтан жауапты министрлік судан зардап шеккен өңірлердегі оқушыларға көмек көрсету қажет деді. Алдымен түлектердің құжаттарын тезірек қалпына келтіріп, содан соң олардың даярлығы мен оқуға түсуіне жәрдемдесу қажет екенін айтты.

Ғалиасқар САРЫБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Ведмоствалар үшін талапкерлер бір мекемеге оқушы емес, екіншісі үшін әлі студент емес. Осыған байланысты зардап шеккен аймақтардағы оқу бітіретін түлектерінің тағдырына алаңдап отырмыз. Табиғи апатқа байланысты бұл балалардың ұлттық бірыңғай тестілеуде төмен нәтиже алу қаупі бар. Сондықтан олар мемлекеттік білім гранттарын ала алмай қалуы сөзсіз.