Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қай жұлдызнама өкілі ақшалы болады: мамыр айына арналған қаржы жорамалы

AstanaTV
02.05.2024ж. 07:41
929
Қай жұлдызнама өкілі ақшалы болады: мамыр айына арналған қаржы жорамалы

Күннің тұтылуы мен ретроградтық кезеңнен кейін мамыр айы барлық зодиак белгісі үшін жайлы болады деп күтіледі. Оларды мансап пен өзін-өзі жүзеге дамыту бойынша сәттілік күтеді. Мамыр айына арналған қаржы болжамын астролог Нина Кан құрастырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тоқты

Тоқтылар үшін мамыр айы позитивке толы болады әрі шабыт сыйлайды. Жұмыста, спорт саласында, бизнесте және қызығушылықтар бойынша жақсы жаңалықтар күтеді. Бірқалыпты, стандартты жұмыста қызмет істейтіндер өте жақсы жетістікке жетеді. Gotohoroscope астрологиялық басылымы қарым-қатынас пен байланыс орнату қабілеті Тоқтыға бірқатар қаржылық мәселелерді шешуге көмектеседі деп жазады. Юпитер, Марс және Меркурийдің қолайлы аспектілері ұзақ мерзімді инвестициялар мен тез табыс табу мүмкіндігін көрсетеді.

Торпақ

Торпақ белгісі Уран және Юпитерді біріктіреді, бұл өмірдің барлық бағыты бойынша екінші белгі өкілдері үшін мүмкіндіктер есігін ашады. Жетістікке көп күш жұмсамай, тез жетуге болады, бірақ, алдымен өзіңіз өзгеруге дайын болуыңыз керек. Жұмыс пен қаржы саласында өркендеу мен өсу күтіледі. Астролог Нина Канның айтуынша, Торпақтағы жаңа туған Ай (7 мамыр) сәттілікке жету үшін тек алға қадам басу керегін еске салады. Мамыр - алдағы уақытта мол өнім алу үшін тұқым себетін оңтайлы уақыт. Торпақ жаңа жобаларды бастайды, адамдармен берік байланыс орнатады және айналасына өзімен пікірлес адамдар тобын жинайды. 

Егіздер

Мамыр - Егіздердің уақыты. 22 мамырдан бастап Күннібұл белгіге енуі мансап пен табысқа қажет шығармашылық энергияның пайда болуына серпін береді. Мамырдың соңғы онкүндігінде Венера ғаламшары Егіздер жұлдызына енеді. Мұның барлығы қаржы жағдайына оң әсерін тигізежі. Мансап сатысымен көтерілуге ​​көмектесетін көптеген іс-сапар, келіссөз жүргізу, танысулар күтіледі. Astrosage астрологиялық басылымындағы жазбаға сүйенсек, Егіздердің қаржылық жағдайына қауіп жоқ. Қаржының бірқалыпты кірісі сізге демалуға және өмірден ләззат алуға мүмкіндік береді. 

Шаян

Мамырдың алғашқы күндері Шаяндарды алаңдатады. Одан әрі күйбең тірліктен шығып, жетістік күтеді. Шаян мамырда мақсаттарына жетумен қатар, әріптестерімен және басшылықпен қарым-қатынасын нығайта алады. Жағымды қарым-қатынас бірлескен жобаларды бірге жасауға шабыттандырады. Астролог Бежан Дарувалланың айтуынша, ақша кірісі бойынша үзіліс болуы мүмкін және жүйелілік болмайды. Барлық өзгерісті қалыпқа келтіру үшін жинақтарыңызды жұмсамай, бір айға арналған бюджетті дұрыс жоспарлау керек.

Арыстан

Арыстандар үшін мамыр айындағы қаржылық жағдай тұрақты болады. 22 мамырдан бастап Күннің Егіздер белгісіне өтуі энергияны, интеллектуалдық белсенділікті арттырады, саяхатқа шығуға, байланыс аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Indastro астрологиялық басылымының мәліметінше, Юпитер мен Сатурнның күшті позициялары Арыстанға тұрақтылық пен даму үшін мүмкіндіктер есігін ашады. Еңбекқорлық пен табандылық оған мамыр айында мақсаттарына жетуге көмектеседі. Меркурий 26 сәуірде тікелей қалыпта болғандықтан мамыр айында жұмыс пен мамандықты өзгертугe шешім қабылдауға болады, жер сатып алып, үй салу үшін де мамыр қолайлы уақыт. 

Бикеш

Бикешті табысты және нәтижелі ай күтеді. Ол жылжымайтын мүлік пен басқарушы мекемелемен байланысты мәселелерді шеше алады. Табыстың бір бөлігі жасы үлкен туыстары мен балаларына жұмсалады. Мамыр айының ортасында Меркурийдің Торпақ белгісіне ауысуы ақша қорын толықтырады және Бикешке алаңдаудың қажеті жоқ.

Astroved астрологиялық басылымында жазылған мәліметке сүйенсек, тұрғын үйлер мен көпқабатты коммерциялық кешендер салып, оларды жалға беріп, ақша алатындарды айтарлықтай табыс күтіп тұр.

Таразы

Мамыр айында Таразылар жұмысқа деген дәстүрлі көзқарасты жаңа, прогрессивті жаққа қарай өзгертуі керек. Жиналып қалған күрделі есептерді басқа тәсілдермен шешіңіз. Тексерістерден қорықпаңыз, өйткені оларды сәтті тапсырасыз. Бұл жұмысыңызды баяулататын шығар, бірақ қуып жететініңізді біліңіз.

Кәсіпорынның қайта құрылуы, жаңа жұмыс орнына ауысу немесе компанияның халықаралық бөлімшесіне көшу ықтималы бар. Егіздердегі Күн (22 мамырдан бастап) бұл процесті жеңілдетеді және тиімдірек етеді.

Сарышаян

Ретроградтық Плутон (2 мамырдан бастап) Сарышаян белгісіндегі өкілдерінің өзгелерден алған қарыздарын толық өтеуін талап еткізеді. Мамыр айында ақшаңызды көбейту үшін басқа адамдардың қаржысын пайдаланудың қажеті жоқ, бұл қалағаныңыздай нәтиже бермейді. Мұның жаһандық бизнесті дамытуға, жылжымайтын мүлікті сатып алуға немесе салуға бағытталған несие қорларына қатысы жоқ. Мамыр айында шығынға емес, ақша табуға көңіл бөліңіз. Сарышаян белгісіндегі адамдардың көбі жұмыста жоғарылайды және жаңа қызметінде күрделілеу тапсырмаларды орындайды. Әлеуметтік жобаларда да табысқа жетуге болады. 

Мерген

Мамыр айында ақша өздігінен келмейді, ол үшін еңбек ету керек, бірақ бұл Мергендер үшін оңай болады. Жаңа байланыс орнатқан адамдардың арқасында ол бұрыннан келе жатқан мәселелерін шешеді және ішкі үйлесімділікке қол жеткізеді. Жаңа достар серіктеске айналады немесе Мерген басқаратын командаға қосылады. Ақшаның кіріс-шығысын болжау сәтсіздіктердің алдын алады. Аяқ астынан ештеңе сатып алмаңыз, әрбір ұсақ-түйекке дейін жоспарлаңыз. Егер өміріңізді жақсартқыңыз келсе, оны өз қолыңызбен жасаңыз. Мергендерге берілген жайлы жағдай оны одан да көп табыс табуға ынталандырады.

Тауешкі

Мамыр айында Тауешкі жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мәжбүр болады. Жұмысыңызды және тұрғылықты жеріңізді өзгерту мүмкіндігі болады - үй сатып алыңыз немесе жалға алыңыз, беделді жұмыс берушімен келісімшартқа отырыңыз. Іссапарларды мамырдың басында жоспарласаңыз сәтті болады. Жақын адамдардың қаржы жағынан қолдауы Тауешкіге сыйлықтар мен мүмкіндіктер боп қайтады. Инвестиция жасау, зат сатып алу сәтті өтеді. Әлденені күтіп жүре бермеңіз, батыл қадам жасаңыз. Ең жоғары нәтижеге өнер, тамақтану, білім беру, саяхат және заманауи технология салаларында жұмыс істейтіндер қол жеткізеді.

Суқұйғыш

Мамырдың үшінші онкүндігінде Венераның Егіздерге енуі Суқұйғыштардың қаржылық жағдайына жақсы әсер етеді. Сонымен бірге ақшаны оңды-солды жұмсай беруге де болмайды. Қалтаңызды құлыптаулы ұстаңыз, тек апта сайын қажет заттарыңызды алу үшін ашыңыз. Қымбат зат сатып алмаңыз, өйткені сән тез өзгереді. Мұндай шығындарды маусым айына қалдырыңыз. Қосымша табыс көзі пайда болады. Оны жазғы демалысыңызға үнемдеңіз. Сыни ойлауды тоқтатпаңыз әрі босаңмаңыз, сонда айдың соңында өзіңізді бай адам секілді сезінесіз. 

Балықтар

Торпақтағы жаңа туған Ай (7 мамыр) сезімтал Балықтар белгісіндегі адамдарды одан сайын күмәнданғыш етеді. Қаржы жағдайынан қорқу табыс көзін іздеуге итермелейді. Алаңдаудың қажеті жоқ, өйткені қолма-қол ақшаның түсуі тұрақты болады. Қосымша табыс тапқыңыз келсе, хоббиіңізді табыс көзіне айналдырыңыз. Сұлулық және дизайн салалары бойынша көп сұраныс болады. Құқықтық мәселелерді назардан тыс қалдырмаңыз. Қаражатсыз қалмас үшін сақтандыруды, мұраны, несиелерді және кез келген төлемдерді бақылаңыз. Мамырдағы қаржы жұлдыз-жорамалы бірқатар белгі өкілдері жақсы жаңалыққа толы. Мақсаттарыңызға оңай жету үшін жұлдыз жорамалының кеңестерін оқып көріңіз.