Ауа райы -
Басшылық
Баймолдаев Ернар Турсунбекұлы

Баймолдаев Ернар Турсунбекұлы

1987 жылы 13 ақпанда дүниеге келген. 2008 жылы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылы «Қонаев университетінде» «Құқықтану» мамандығы бойыншы екінші жоғары білім алады. Сондай-ақ «Менеджмент» мамандығы бойынша магистрлік дәрежесі бар.

2008 жылы «Транс Телекомда» АҚ халықаралық магистральды желілердің инженері болып қызметін бастайды.

2009 жылы жүйелік инженер, кейін «РТРК Қазақстанда» АҚ бас инженер болып жұмыс істейді.

2012-2013 жылдардан бастап «Қазмедиа Орталығы» ЖШС студиядан тыс құралдар бөлімінің басшысы болады.

2014-2015 жылдары жетекші инженер болады. Кейін техникалық қамтамасыздандыру мен бақылау бөлімінің басшысы қызметінде жұмыс істейді.

2015-2019 жылдары - РТРК Қазақстан» АҚ техникалық директоры.

2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Megahertz Kazakhstan» ЖШС бас директоры.

Қазірден бастап «Астана» телеарнасының техникалық директоры.

Арна жобаларын техникалық қамтамасыздандыру, ұйымның техникалық даму мақсатын анықтау жұмыстары бойынша қызмет етеді.