Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Скрипальдар отбасын улап өлтірген күдіктілер Ресейдің Басты барлау басқармасының қызметкерлері - Тереза Мэй

AstanaTV
06.09.2018ж. 20:00
2450
Скрипальдар отбасын улап өлтірген күдіктілер Ресейдің Басты барлау басқармасының қызметкерлері - Тереза Мэй

Бұл уақытта Тереза Мэй Ресейге тағы да қыр көрсетті. Наурызда Сергей мен Юлия Скрипальға қастандық жасаған қос азамат Ресейдің барлау басқармасының қызметкерлері. Британ премьер-министрі Қауымдар палатасының жиынында осылай деді. Осы ретте Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтпек. Ал "Скотленд-Ярд" басылымы Скрипаль ісіне қатысы бар күдіктілердің фотосуреттерін жариялады. Ол екі ер азамат:  Александр Петров пен Руслан Баширов екені айтылған.  Осылайша, Британ үкіметі қастандыққа Ресейдің тікелей қатысы барын ресми түрде мәлімдеді.

Тереза Мэй, Ұлыбритания  премьер-министрі:

Біз қылмыскерлерді ұстауға және оларды экстрадициялауға әрі оларды Ұлыбритания сотының алдына келтіру бойынша барымызды саламыз. Біз сондай-ақ киберқауіпсіздік пен адам құқықтарын өрескел бұзуға барған Ресейге қарсы Еуроодақтан жаңа санкциялар режимін қабылдауды талап етеміз.