Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны артуы мүмкін

AstanaTV
06.09.2018ж. 20:00
4765
Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны артуы мүмкін

Ал Күншығыс елі қазір жедел жәрдем қызметінің көмегіне шынымен зәру. Жапониядағы Хоккайдо аралында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артуы мүмкін. Соңғы деректерге сүйенсек, 8 адам өліп, 120-сы жараланған. Тағы 40 адам із-түзсіз жоғалып кеткендер тізімінде. Елді мекенде күшті жер сілкінісінен тау жыныстар қозғалып, құм аралас тас тұрғын үйлерді басып қалып жатыр. Оқиға орынында құтқарушылар мен әскерилер жұмыс істеп жатыр.  Жұт жеті ағайынды демекші, тағы 3 миллионға жуық тұрғын электр жарығынсыз қалған. Себебі өңірдегі ең ірі «Томато-Ацума» жылу электр станциясы істен шыққан. Естеріңізге салсақ, бейсенбіге қараған түні аралда 7 балдық жер сілкінісі болған.