Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Америкалықтар азық-түлікті жаппай сатып алып жатыр

AstanaTV
12.09.2018ж. 20:00
2568
Америкалықтар азық-түлікті жаппай сатып алып жатыр

Америкада соңғы 30 жылда болмаған дауыл тұруы мүмкін. Тұрғындар жаппай азық-түлік сатып алып қамданып жатыр. Осылайша, құрлықта «Флоренс» дауылына "дайындық" басталып кетті. Желдің жылдамдығы сағатына шамамен 225 шақырым болады деп күтіледі. Жағаға жақындаған сайын оның екпіні күшеюі ықтимал дейді. Трамп 4 штатта төтенше жағдай жариялады.

Солтүстік Каролина тұрғындары ең қажетті деген заттарды сатып алуға кіріп кетті. Мұнда су, азық-түлік пен газ баллондарына сұраныс артып тұр. Синоптиктер «Флоренс» бұрын-соңды тіркелмеген ең күшті дауыл болады деп болжайды. Қазір дүкендерде ұзын-сонар кезек. 

Адамдар эвакуациялауға уақыт келгенін түсінбей жатыр. Қазір шұғыл қызметтер, мейрамханалар жабық. Бірде бір нысан жұмыс істемейді.

Ал Мэрилендтегі жағажай дүкендері мен сөрелердің қожайындары өз меншігіне алаңдаулы. Адамдар құм салынған қаптар әзірлеп әлек. Сондай-ақ,  үйден су сору үшін дренаждық құбырлар орнатып жатыр.

Линда Джонс:

Дауылды соққы анау жақтан келуі мүмкін. Бұл - табиғи апат. Судың астында қалғымыз келмейді. Жауын туралы әңгіме қозғалса, қорқамыз. Алаңсыз күндер артта қалды. Ескертулер естілген сайын жылаймын.

Ауа райын болжаушыл бұл штаттар жойқын дауыл ортасында қалуы мүмкін екенін ескерткен. Ендігі үш ауданда құтқару шаралары басталып кетті.

Рой Купер,  Солтүстік Каролинаның губернаторы:

Синоптиктер қауіп бар екенін айтып жатыр. Біз оны жақсы түсінеміз. Біздің штатта үш бірдей қауіп бар. Алдымен мұхит жағадан шығуы мүмкін. Одан кейін екпінді жел, оған қоса жауыннан көше суға толуы ықтимал. 

Вирджинияны қосқанда, барлық төрт штатта төтенше жағдай жарияланды. Сақтық шараларынан АҚШ президенті Дональд Трамп құлағдар. Ақ үй басшысы билік дауылды күндерге дайын деп сендірді.

Дональд Трамп,  АҚШ президенті:

Осы жолғы дауыл бұған дейін біз көрген табиғи апаттан әлдеқайда күштірек. Ауқымы да кең. Тіпті соңғы 10 жылдықтарда болмаған  шығар. Бәрі өзгеруі мүмкін, бірақ дәл осы кезеңде бірдеңе өзгереді деп ойламаймын. Қатты дайындалдық. Ақшаны да аяған жоқпыз.

Бүгін Күннің көзі жарқырап тұрса да, ертең мұнда қатты жел тұрып, аспанды қара бұлт торлайды. Төтенше жағдайлар қызметінің дерегінше, желдің жылдамдығы сағатына 225 шақырымға жетпек. Бұған қатты нөсер мен ірі толқындарды қосыңыз. Дауыл жұмаға дейін жалғасады деп күтіледі.