Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Өзбекстанда тиым салынған ұйымдардың мүшесі болып, кейіннен тәубеге келгендерді қылмыстық жауапкершіліктен босатпақ

AstanaTV
20.09.2018ж. 20:00
2468
Өзбекстанда тиым салынған ұйымдардың мүшесі болып, кейіннен тәубеге келгендерді қылмыстық жауапкершіліктен босатпақ

Өзбекстанда тиым салынған ұйымдардың мүшесі болып, кейіннен тәубеге келгендерді қылмыстық жауапкершіліктен босатпақ. «Интерфекс»-тің хабарлауы бойынша, бұл қаулыға Шафкат Мирзиеев қол қойған. Рақымшылыққа жасаған әрекеттеріне өкініп, өз еркімен мойындағандары ғана ілінбек. Ал тиым салынған ұйымдардың көшбасшылары мен теракт жасауға арнайы дайындықтан өткендерге рақымшылық жоқ. Соңғы екі жылда Өзбекстан билігі діни толеранттықты қамтамасыз ету саясатын ашық өткізіп келеді. Райынан қайтқандар арнайы есептен шығарылған. Өзбекстан құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, бүгінде қылмыстық ұйымдардың мүшесі деп танылған 3 мың 300 азаматқа іздеу салынып отыр .