Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бір дуадақты атып алу үшін бюджетке шамамен 600 мың теңге төленуі тиіс - АШМ

AstanaTV
13.07.2017ж. 20:00
2868
Бір дуадақты атып алу үшін бюджетке шамамен 600 мың теңге төленуі тиіс - АШМ

Қызыл кітапқа енгенімен, аңшылық жасауға заңмен рұқсат етілетін құстардың тізімі екі есеге көбейді. Бұл туралы «Курсив.kz» ақпараттық порталы жариялады. Ондағы ақпаратқа сай, былтыр араб шейхтарына сұңқар тектес құстардың 174  түрін аулауға рұқсат етілген болатын. Ал биыл ондай қанаттылар саны 335-ке жетіп отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері бұл туралы әзірге қандай да бір ақпар беруге асықпайды. «Мәселе қаралып жатыр», - деумен шектелді.

Бақытбек Дүйсекеев, ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті басқармасының басшысы: 

Жыл сайын аң аулаудың ұлттық түрін дамыту мақсатында, саны азайып қалған дуадақ құсына аңшылықты шектеуді алып тастау бойынша жоба қаулысын дайындаймыз. Қазір қаулыдағы тиымдарды алып тастау үшін, мемлекеттік-экологиялық сараптамаға сай, биологиялық тұрғыда дәлелдер жасақталып жатыр.

Басылымдағы ақпаратқа сай, 1-ші қыркүйек пен 15-ші қараша аралығында Араб шейхы Халиф Бин Заед Аль Нахаянға Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда өңірінде 151 түрлі дуадақ тектес құстардың түріне аңшылық жасауға рұқсат берілген. Ал, шейх - Суруру Бин Мухаммед Аль Нахаян және Сеиф Бин Мухаммед Аль Нахаянға Маңғыстау өңіріндегі 42 түрлі дуадақ тектес құстарға аңшылық жасауға рұқсат. Катарлық шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Аль Таниға әдемі құстың 100-ге жуық түрін Алматы және Жамбыл облыстары төңірегінен аулауға рұқсат етілген. Бұл құстардың жойылып кету қаупі болғандықтан, қызыл кітапқа енгізілген.

Бақытбек Дүйсекеев, ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті басқармасының басшысы:

Құстарды аулағаннан кейін олардың бағасы белгіленеді. Жобада оның құны 260 АЕК деп белгіленген. Бұл дегеніңіз, бір құсты атып алу үшін бюджетке шамамен 600 мың теңге пайда түседі деген сөз.