Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақмола облысында құс фабрикасы ашылды

AstanaTV
29.09.2018ж. 20:00
8635
Ақмола облысында құс фабрикасы ашылды

Ақмола облысында кеше құс фабрикасы ашылды. Жаңа кәсіпорынның, оның ішінде ірі технологиялық кешеннің іске қосылуы біздің еліміз үшін маңызды екенін айту артық. Жобаны қаржыландырған Қазақстанның Даму банкінің тәуелсіз директоры Антонио Сомма кәсіпорынның күрделі өңдеумен айналысып, күшті фабрикаға айналатынына сенім білдірген, біздің тілшілерімізге берген сұхбатында. Импортты алмастыра алатынымызды, тиісінше, сапалы өнім шығаруға потенциалымыздың жететінін, экономиканы әртараптандыруға әліміз келетінін дәлелдейтін фабриканың бірі болатын тәрізді, деп келді Диана Сапарқызы да.    

 Диана САПАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

«Макинск» елді-мекенінің төрінде жылына 50 мың тонна құс етін шығаратын фабрика іске қосылды.Жобаға салған инвестиция құны 45 млрд теңгеден асады. Мұндағы құс еттері алдымен аймақтарға жол тартады. Айта кетсек, Қарағанды, Астана, Солтүстік Қазақстан облыстарына. Алдағы уақытта компания ТМД елдеріне етті ауқымды көлемде экспорттауды жоспарлап отыр.

Болат ЖӘМІШЕВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

2020 жылы 2-кезеңі басталады. Бірінші кезеңінде 25 мың тонна құс етін шығарады. Екінші кезеңін қосқанда екі есе үлкейеді.

Антонио СОММА «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ» АҚ ТӘУЕЛСІЗ ДИРЕКТОРЫ:

Экономиканы әртараптандыру жолында «Қазақстанның даму банкі» «Макинск» құс фабрикасына қаржы құйып, жақсы үлгі көрсетіп отыр. Бұл жоба Қазақстанның перспективалы секторына, агроөнеркәсіптік кешенге бағытталған. Қазақстанда құс шаруашылығы 350 мың тоннаға жуық ішкі нарықты құрайтын немесе жылына жарты миллиард доллар табыс түсетін ірі сала. «Қазақстанның Даму Банкі» жобаның аясында инкубатор, құс етін өңдеу орнын және жасанды тыңайтқыш өндіретін учаскені қаржыландырып отыр.

Биыл кәсіпорын 800-ге жуық адамды жұмыспен қамтымақ. Келесі кезеңді іске қосқанда тағы жүздеген адам алынады. Фабрика басшысының айтуынша, «Макинскінің» 1000 –ға жуық тұрғыны осы фабрикадан жұмыс табады. Ал жалпы, басқарушы компанияның өзге кәсіпорындары Ресейге 400 тоннаға жуық құс етін экспорттап отыр.

Серік ТОЛЫҚБАЕВ, «AITAS KZ» АҚ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

Біз қазір «Өскемен құс фабрикасынан» бастап жатырмыз. Жолға шығып, мәселерін шешіп, қазірден бастап шығарып жатырмыз, Ресейге. Өзбекстан, Қырғызстанды келесі жылдан бастап.

Макинскідегі фабриканың негізгі өнімі - мұздатылған құс еті болмақ. Әзірге тоғыз өндірістік алаңы бар. Инкубатор, әрқайсысында он екі құс қорасы бар төрт бройлерлік, құс етін өңдеу зауыты, қалдықтарды қордаландыру желісі, жемшөп өндіру цехі. Қазіргі таңда инкубатор жұмысын бастады. 2-қыркүйекте алғашқы 300 000 жұмыртқа салынды. Ендігі міндет оларды баптап, өсіру. Ал ет өңдейтін цехтары құстар ет жинаған соң, жыл соңында іске қосылады.

 Жобаға қаржы салған қазақстандық және шетелдік инвесторлар. Оның ішінде жаңа айтқандай, "Бәйтерек" Холдингінің еншілес ұйымдары Қазақстан даму банкі 16.1 млрд теңге көлемінде 10 жылға несие беріп, ал Қазына Капитал Менеджмент өзінің «Вaiterek Venture Fund» АҚ еншілес құрылымы арқылы капиталға кіру жолымен 9 млн доллар құйды.

Жандар ҚҰТБАЙ «BAITEREK VENTURE FUND» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Бұл Қазақстандағы ең ірі жобалардың бірі. Біздің қор бұл жобаға 9 млн доллардай қаржымен қолдау көрсетті. Бөлінген қаржы келешекте табысты инвестиция болатынына сенемін. Салынған инвестициямызды 2023 жылы қомақты көлемде қайтарып аламыз деген ойдамыз.

Экологиялық талаптарды сақтау үшін инкубациялық өндіріс, құс сою және ет-сүйек ұнын өндіру кезеңдерінде жоғары технологиялық энергия үнемдейтін жабдықтар пайдаланылады.

Диана САПАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

2020 жылда екінші кезек пайдалануға енгізілгеннен кейін «Макинск» құс фабрикасы сағатына 9 мың бройлер өңдемек. Сондай-ақ, елдегі құс етіне деген сұранысты 15 пайызға дейін қамтамасыз ететін болады. Келешекте отандық кəсіпорын құс етін өндіру көлемі бойынша Орталық Азиядағы ең ірі фабрикаға айналуы мүмкін.

Диана Сапарқызы «Біздің уақыт»