Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Биыл Астанада 400 аула абаттандырылды

AstanaTV
25.10.2018ж. 20:00
3318
Биыл Астанада 400 аула абаттандырылды

Биыл Астанада 400 аула жөнделді. Барлығына бірдей ойын алаңдары, спорттық құрылғылар қойылған. Сондай-ақ, әкімдік келесі жылы жөнделетін аулаларға қатысты әлеуметтік желі арқылы тұрғындардың өтінішін қабылдай бастады.  

Астанада мыңнан астам аула бар. Жыл сайын күн жылыған бетте оларды абаттандыру жұмыстары қолға алынды. Биыл қаланың шет аймақтары да ұмыт қалған жоқ.  

Жомарт ТҮСТІКБАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  

Осы аула жақсы. Осы бір жылдан аса балаларға жақсы болып жатыр. Осылай серуендеп шығып тұрымыз. Балалар қазір көп болады. Мына жерге летниий двор салып қойды. Жақсы өте. Футбол ойнауға балаларға. Жақсы. Тамаша.

Жазда «Сарыарқа» ауданында 71 сәулет нысаны орнатылып, 10 футбол алаңы жасалды. Сондай-ақ, 12 гимнастика алаңы, 69 жаттығу құрылғылары орнатылған. Тұрғындар алысқа бармай-ақ, аулада спортпен шұғылданып жүр.  

Құттыбай ӘБДІРАЙЫМОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Ойын алаңқайлары жақсы болды бізге. Жүгіріп келіп жаттығу жасай береміз. Балаларға да жақсы болды. Бұрындары мектептікіне баратын, қазір есіктің алдында. Әр үйдің ауласында болса, ол өте жақсы нәрсе.

Жаттығу құрылғылары Ресейден әкелінген. Сапасы жақсы. 3 жылға дейін кепілдік беріледі. Биыл «Сарыарқа» ауданында 40 аула жаңартылса, келесі жылы тағы да 100 алаң қамтылмақ.  

Бақтияр ТОПАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ САРЫРАҚА АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:  

Қазіргі таңда Боталы, Байсейітов, Бейбітшілік, Мыңарал көшелерінде қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Бұл аталған көшелердегі балалар ойын алаңдарын құммен емес, жұмсақ резенкемен қаптап жатырмыз. Сондай-ақ, біз тұрғындардың барлық өтініштерін әлеуметтік желі арқылы сараптап, абаттандыруға мұқтаж көшелерді жоспарға енгізіп отырамыз.

Ал, «Байқоңыр» ауданында 53 аула жөнделді. Қазіргі таңда 30 алаңда монтаждау қолға алынды. Бұл жерде 182 шағын сәулет нысаны орнатылып, 120 жаттығу құрылғылары қойылған.  

Рамиль ДОСМАҒАНБЕТОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫФ БАЙҚОҢЫР АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:  

Келер жылы 100-ден астам аулаға толық жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Биылғы Республика даңғылында 3 аула демеушілердің көмегімен жасалды. Ал, қалған ойын алаңдарын бюджет есебінен абаттандырып отырмыз.

Ал, келесі жылы «Есіл» ауданы бойынша 10 ауланы жөндеуге жобалық сметалық құжаттар дайындалып жатыр.  

Д. Сапарқызы