Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақстандықтар үшін ішкі әуе рейстерінің бағасы енді екі есеге арзандауы мүмкін

AstanaTV
07.11.2018ж. 20:00
2584
Қазақстандықтар үшін ішкі әуе рейстерінің бағасы енді екі есеге арзандауы мүмкін

Қазақстанда ішкі рейстердің бағасы екі есеге арзандауы мүмкін. Бұл туралы жаңадан ашылған «Fly Arystan» компаниясының тұсау кесерінде айтылды. Арзан әуекомпания «Эйр Астана» базасында құрылды. Әзірге әуе паркінде «Эйрбас» ұшақтарының төрт данасы ғана бар. Лоукостер келесі жылы жолаушы тасымалдай бастайды. Егер жоба жақсы нәтиже берсе болашақта алыс-жақын шетелге шығу көзделген. Жаңа компания әлемдік стандартқа сай жұмыс істейді. Яғни, жолаушы билетіне жүк тасымалы мен тамақ кірмейді. Ол үшін қосымша қаржы төлеу қажет.   

Жанар ЖАЙЛАУОВА, «FLYARYSTAN» ӘУЕКОМПАНИЯСЫНЫҢ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ САТУ БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫ: 

Тек 10 пайыз ғана ұшады Қазақстанда. Сонымен айтқанда 90 пайыз әлі ұшпаған. 90 пайызы не машинамен жүреді, не жермен жүреді. 90 процент халықтың Қазақстанда ұшқан емес. Сондықтан, бізге ол үлкен нарық. Біздің стеоратипте көп қолжетімсіз деп айтады ұшу, ұшақпен ұшу. Осы стеоратипті жеңуіміз керек біз. Сол үшін «Fly Arystan» деп қойдық. Қазіргі нарықтағы бағадан екі есе төмен болады.

О. Нұржақып