Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Сарыарқа» газ құбырының құрылысы желтоқсанда басталады

AstanaTV
23.11.2018ж. 20:00
2326
«Сарыарқа» газ құбырының құрылысы желтоқсанда басталады

«Сарыарқа» газ құбырының құрылысы желтоқсанда басталады. Құбырды тартатын мердігермен келісім жасалған. Сенаттағы Үкімет сағатында Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай осылай,-деді. Газ тарту Қызылорда облысынан басталып, Жезқазған мен Теміртау арқылы Астанаға созылады. Жоба құны 267 млрд теңгені құрайды.  

Сәбит НҰРЛЫБАЙ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Оператор «Астана Газ КМГ» «ҚазСтройСервис» компаниясымен арнайы шартқа қол қойды. Келесі жылдың желтоқсанында осы магистральды газ құбырын салу жұмыстарының бірінші этапы аяқталады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, магистарльды газ құбырын тарту 4 кезеңнен тұрады. Көгілдір отын Астана халқына жеткізілген соң Көкшетау мен Петропавл тұрғындары да көмір жақпайтын болады. Бүгінде халықтың 47 пайызы газбен қамтылған. 2030 жылға қарай оны 56 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Ол кезде 1,5 мың елді-мекен көгілдір отынға қарық болады. Қазір елде өндіріліп жатқан қуат көзінің 20 пайызы газ. Жел, күн электр стансаларын өндіретін 66 нысанға тағы 56 нысан қосылса, 2 гигаватт қуат өндірілмек. Жасыл экономиканы дамыту үшін келер жылы биогаз алу ісі қолға алынбақ. Вице-министрдің айтуынша, малдың қи-тезегін алатын шаруашылықтар жеткілікті. Аз көлемде биогаз өндірмек болған кәсіпкерлер де болыпты. Әзірге заң кедергі.  

Сәбит НҰРЛЫБАЙ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Биогаз-ол өте перспективный. Сондықтанбіз оны қолдаймыз. Заңнамаға өзгерістер енгіземіз. Келер жылы осыны жандандырамыз. Болашағы бар.

- Бүгінгі күні бар ма?

- Жоқтың қасы деп айтуға болады.

Г. Меңдеева