Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«SCAT» әуекомпаниясының жолаушылары жолдан қалды

AstanaTV
28.11.2018ж. 20:00
1794
«SCAT» әуекомпаниясының жолаушылары жолдан қалды

Бүгін «Скат» әуекомпаниясының үш жүздей жолаушысы Шымкент әуежайына қамалды. Олар «Астана-Алматы», «Өскемен-Алматы» және «Шымкент- Алматы» бағыттарының жолаушылары. Әуе көліктері діттеген жерге ауа райының қолайсыздығына байланысты қона алмаған. Түске таяу шаһарға табан тіреген жұрт әуежайдан әлі қамалып отырмыз деп шағым айтты. Жолаушылардың сөзінше, кедергіге тап болған тек «Скаттың» ұшақтары.  

Сәрсенбай УСТЕМИРОВ, ЖОЛАУШЫ:  

Алматыда менің бүгін қаншама жоспарларым бар еді, ол да қалды. Қасымызда қаншама кісілер болған, процесстері болған, ол процесс те қалды. Кейбіреулер міне спортсмендер келе жатыр, олар да жарыстан қалды. Кім оны төлейді барлығын? Моральный ущерб оның барлығы бір жағынан қарасаңыз.

«SCAT» әуекомпаниясының өкілдері бұл келеңсіздікті Алматыдағы қалың тұманмен байланыстырып отыр. Ұшақтарға Алматы әуежайына қонуға рұқсат берілмеген. Ал, туындаған қиындық күн-райына байланысты болғандықтан өтемақы беру мәселесі қаралмайтынын қадап айтты.  

Виктория СТАРОЖИЛОВА, «SCAT» АҚ ӘУЕКОМПАНИЯСЫНЫҢ» РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Әуеге көтерілгенде қолайлы ауа райы болғанымен, ол жаққа кеткен кезде күн бұзылған. Қолайсыз ауа-райына байланысты қабылдай алмайтынын хабарлайды. Мұндай жағдайда туындаған қиындыққа өтемақы беру мәселесі қаралмайды. Өйткені, біз ауа-райын өзгерте алмаймыз. Ұшу құрамының ұшу мүмкіндігі әрқалай, ал біздің әуе кемелеріміз әртүрлі. Бізге ұшуға рұқсат берілмейінше, біз күтуге мәжбүрміз. Бізге бірінші кезекте маңыздысы-жолаушылардың амандығы.

А. Төребекқызы