Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Үш министр, үш облыс әкімі орден алды

AstanaTV
14.12.2018ж. 20:00
5130
Үш министр, үш облыс әкімі орден алды

Елде «Құрмет», «Парасат», «Барыс» ордені кавалерлері қатары тағы толықты. Ұлық мейрам Тәуелсіздік күні қарсаңында дәстүрге сай Президент үздік дегендерді өзі марапаттады. Салтанатты рәсім қалай өтті және биыл ең жоғары наградалар кімдерге бұйырды? Мөлдір Бақытқызы тарқатады. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ, ТІЛШІ:  

Үш министр, үш облыс әкімі және бір вице-премьер бүгін Президенттің қолынан мемлекеттік наградалар алды. Тәуелсіздік күніне орай, саяси бомандтан бөлек, Жамылдан жеткен қойшы, Шымкенттен шыққан педагог және Балқаштан келген мыс қорытушы Прездиент қолынан мемлекетіміздің ең жоғары наградасын алды. Әдебиет пен өнер майталмандары да бүгін Ақорданың мінберінен сөйлеу мәртебесіне ие болды.

Ұлық мейрам қарсаңында 1600 адамға жоғары мемлекеттік награда тапсырылды. Солардың бірі және бірігейі медаль, ордендерін Ақордаға келіп, Президент қолынан алды. «Құрмет» ордені Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үшін алғашқы марапат болса, вице-премьер Ерболат Досаев үшін бүгінгі «Парасат» екінші орден. Министрлермен бірге қойшылар да жоғары марапатқа лайықталды.   

Сайрамбай ДӨНЕНБАЕВ, «ШӘУШЕН» ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Бүгінгі беріп жатқан марапат ауыл еңбеккерлерінің, қойшылардың марапты деп түсінемін. Сізге алғысым шексіз, Алланың нұры жаусын!

Танымал жазушы Қабдеш Жұмаділов Ақордаға жай келмеген. Авторлық құқығын даулай келіпті. Қаламгерге бүгін екінші дәрежелі «Барыс» ордені бұйырды. 

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ, ЖАЗУШЫ: 

Қазір ауыздан-ауызға көшіп жүрген бір сөз бар. Ол «Нұрсұлтан салған нұрлы жол». Менің мақтануыма болады. Сол сөзді осыдан ширек ғасыр бұрын 1993 жылы алғаш айналымға енгізген мен едім. Сол сәуегейлігіме разымын.

Орден тағынған соң Президентпен естелік суретке түсуге қолқа салғандар болды. Бірнеше камераның объективіне бірден түскенін өздері де түсінбей тұрса керек. Мұны Есімов те түсінбей қалды. Есесіне, көрші отырған Искешов оған бәрін тәптіштеп айтып берді. Кан фестивалінде әлемді мойындатқан үздік актирса Самал Еслямова үшін бүгінгі марапаттың маңызы бір мысқал да кем емес. Президентті бала күннен көруді армандаған ол биыл «Қазақстанның еңбек сіңірген» қайраткеріне айналып шыға келді.     

Самал ЕСЛЯМОВА, АКТРИСА:  

Арманым болды көрем деп. Осындай марапатқа ие боламын деп ойлағаным жоқ.

Әлия Назарбаева да киноиндустрияға қосқан үлесі үшін Мемлекеттік награда алды. Ол «Анаға апарар жол» фильмінің продюсері. Қазір Ақан Сатаевпен бірге «Томирис» патшайым туралы тарихи фильм түсіріп жатыр. Әлия туындының қашан жарыққа шығатынын айтты.   

Әлия НАЗАРБАЕВА, «АНАҒА АПАРАР ЖОЛ» ФИЛЬМІНІҢ ПРОДЮСЕРІ: 

Мы с режиссером Аканом Сатаевым снимаем картину «Томирис». Он должен выйти на экраны в майские праздники. Даст бог.

Басында айтқан үш әкім Маңғыстау, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарының басшылары. «Парасатты» атанды. Президент орден кавалерлерін ел-жұртқа үлгі болуға үндеді.   

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Осы марапат арқылы бүкіл басқа жұртқа үлгі болып, бұдан да үлкен табыстарға жетерсіздер деп сенемін.

Соңында награда иелері қатты қалаған естелік фотоға түсіп, шат-шадыман көңіл-күйде тарқасты.   

М. Дюсекина