Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Астана» телеарнасы «Қайырымды жандар» жобасын бастады

AstanaTV
21.12.2018ж. 20:00
3506
«Астана» телеарнасы «Қайырымды жандар» жобасын бастады

«Астана» арнасында жаңа жоба! «Қайырымды жандар» деректі фильмдер топтамасы көмекке мұқтаж жандардың түрлі тағдырын суреттейді. Қайырымдылық қоры туралы көлемді мақала-сұхбаттар «Айқын» және «Литер» басылымдарында да жарық көретін болады.  

Иә, қайырымдылықтың шегі жоқ. Сауап алудың сан жолы бар. Бірегей жоба да соны көрсетуді көздейді. Көмекке зәру жанға жәрдемдескен жомарт адамдарды үлгі етпек. Атқарған игі істерін насихаттайды. Алғашқы хабар «Қасиетті Жол» қайырымдылық қоры жайында. 7 жыл бұрын құрылған ұйым сырқатқа шалдыққан балаларды оңалтумен айналысады.  

Динара ЗАКИЕВА, «ҚАСИЕТТІ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:  

Осы ұйымды құратын кезде біз құрбыларымызбен Астанада бас қостық. Қасиетті Рамазан айы болатын. Бұл кезеңде әр адам жақсылық жасауға ұмтылады емес пе?! Сәйкесінше, біз де түрлі сырқатпен ауыратын бүлдіршіндерге көмек қолын созып, еміне, оған жасайтын отаға қаражат тауып, мүмкіндік бергіміз келді.

Әлия Тұрбаева «Қасиетті Жолдың» оңалту орталығына 4 жыл бұрын келген. Оның ұлы Әмір асфексияның қиын түрімен ауырады. Дәрігерлер тезірек ауру асқынуының алдын алуды ескерткен. Содан бері Әлия баласын осы орталыққа әкеліп, ем қабылдауды бастап кетті.  

Әлия ТҰРБАЕВА, ӘМІРДІҢ АНАСЫ: 

«Қасиетті Жолдың» оңалту орталығына баруды ұсынды. Күн сайын келеміз. Орталық дәрігерлерінің арқасында балам қазір өзі жүреді. Енді ол жарымжан емес, 12 мүшесі сау бала. Мен өте қуаныштымын.

Қазақстанда қайымдылықпен айналысатын 5 мыңнан аса ұйым бар. Бұл жобаның кейіпкерлері де солар. Жылдар бойы жүйелі түрде қамқорлық жасаған жандар. Бағдарлама осы сенбіде көрерменге жол тартады.  

А. Бектас