Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жаңаөзенде ескі үйдің едені опырылып түсті

AstanaTV
08.01.2019ж. 20:00
3702
Жаңаөзенде ескі үйдің едені опырылып түсті

Жаңаөзенде ескі үйдің едені опырылып түсті. Ажалдан аман қалған зейнеткер ауруханада. Зәресі ұшқан көпқабатты үйдің кейбір тұрғындары туыстарының пәтерін паналап кеткен. Пәтер иелері әкімдіктен тұрғын үйді апатты деп танып, орнына жаңа үй салып беруді сұрайды. Данияр Қайыртай толықтырады.  

Менің мамам құлап бара жатқан жерінен ұстап алдым. Ана плита жоқ, плита төмен қарай түсіп кетті. 

Амангелді Бөлековтің отбасы үшін жаңа жыл оқыс оқиғадан басталды. Пәтерінің едені опырылып, зейнет жасындағы анасы жертөлеге түсіп кете жаздапты.  

Амангелді БӨЛЕКОВ, ПӘТЕР ИЕСІ: 

Екінші блоктағы плита майысып бара жатыр уже. Үшінші плита ол түсіп бара жатыр астына. Сантиметр түсті. Әкім келді, қарады. «Жасауға келеді»-деді. Мынау жасауға келмейді. Аварийный үй, өйткені.

Алуаш ИСАЕВА, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

13 пәтердің үйі құлап түсті жерге. Вот уже үш күн, төртінші күнге қарап бара жатыр, никакой шара қолданылып жатқан жоқ.

Осы оқиғадан кейін басқа пәтердің иелері де қауіптене бастады. Тозығы жеткен үйдің енді қай жері құларын кім білсін?! Алпыс пәтерлі тұрғын үй осыдан елу жыл бұрын қолданысқа берілген. «Әбден ескірген құрылыс қайта жөндеуге жарамайды»-дейді тұрғындар.  

Гүлшара НАРАЗЫМБЕТОВА, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Жазда кондоминиумға бұл дом жөндеуге жатады деп біздерді жинап ремонтқа шақырды. Үлкен жиналыс болды облыстан келіп. Бұл үй ешқандай кондоминумға да, ремонтқа да жатпайды. Бұл уже шіріп тұрған дом. Барлық жерге тіреу салып қойды, тіреумен отырмыз. Бұл значит аварийный домға жатады, 50 жылдан асып кетті.

Ал, Жаңаөзен қаласының әкімдігі тұрғындарды сабырға шақырып отыр. Айтуларынша, алдымен арнайы комиссия құрып, үйдің апатты екенін дәлелдеу керек. Немесе тұрғындардың өздері ақша жинап, тәуелсіз сараптама жасата алады.  

Ғалым БАЙЖАНОВ, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Мен гарантия бере алмаймын. Кеше тиісті комиссияны құрдық, ЧС шақырдық, милиция шақырдық, өзіңіз болдыңыз куә болдыңыз. Тиісті шараларды қабылдадық. Қазір міне мекемені белгіледік істейтін.

Мұндай жағдай Жаңаөзенде алғаш рет болып отырған жоқ. 2017 жылдың желтоқсанында тағы бір тозығы жеткен үйдің үш бөлмесінің едені опырылып түскен еді. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Сол кезде де тұрғындар үйдің апатты жағдайда тұрғанын дәлелдей алмаған еді. Жергілікті билік тек сол пәтерді жамап-жөндеп берген болатын. 

Д. Қайыртай