Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Биыл «Air Astana» АҚШ-қа тікелей рейстерді аша алмайды

AstanaTV
21.02.2019ж. 20:00
2341
Биыл «Air Astana» АҚШ-қа тікелей рейстерді аша алмайды

Биыл «Эйр Астана» АҚШ-қа тікелей рейстерді аша алмайды. Бұл туралы әуе компаниясының президенті Питер Фостер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқа жиынында мәлімдеді. Оның айтуы бойынша, қауіпсіздік критерийлеріне сәйкес Американың авиациялық билігінің аудитінен өту қажет. Бұл шамамен 2 жыл уақытты талап етеді. Дегенмен, бірінші кезеңде шетелдік компания тартылуы мүмкін. Осылайша америкалық әуе компаниялары осы жылдан бастап Қазақстанға ұшуларды орындауға мүмкіндігі бар. Ал, ұлттық әуе тасымалдаушысы АҚШ-қа ұшатын рейстерді 2021 жылы іске қоса алады.  

Питер ФОСТЕР, «ЭЙР АСТАНА» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік департаментінің мақұлдауын алу ұзақ процесс. Келіссөздер қазірдің өзінде басталды. Нью-Йорк рейстерін аралық пунктер арқылы жүзеге асыру нұсқасы қарастырылып жатыр. Бұл да коммерциялық тасымалдаудаулар туралы қосымша келісімге қол қоюды талап етеді.  

Сондай-ақ, жиын барысында келесі жылы тағы да 13 автожол ақылы болатыны хабарланды. Оны Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Роман Скляр айтты. Айта кету керек, жыл басында ғана «Алматы-Қорғас», «Алматы-Қапшағай» және «Астана-Теміртау» учаскелерінде ақы алу жүйесі енгізілген еді. Министрліктің жоспары бойынша бұл бастамалар жылына 30 млрд теңгеге дейін бюджетке кіріс әкеледі.  

Роман Скляр, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері арқылы ұзындығы 5 мыңнан астам шақырымды құрайтын 13 учаскеде ақы алу жүйесін орнату конкурсын жариялау жоспарланған. Жеңімпазды осы жылдың желтоқсанында анықтауды көздеп отырмыз және 2020 жылы 5 мың шақырым жол ақылы болады. 

Н. Біләл