Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақстан хоккей құрамасы топтық кездесуде Канада командасын жеңді

AstanaTV
07.03.2019ж. 20:00
3332
Қазақстан хоккей құрамасы топтық кездесуде Канада командасын жеңді

17:1 есебімен еліміздің хоккей құрамасы Ұлыбритания командасын топтық кездесуде басып озды. Бұл Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатан қысқы Универсиада ойындарындағы қазақстандық спортшылардың бірінші жеңісі емес. Бұған дейін хоккейшілер Швеция мен Латвия құрамасын жеңген болатын. Қазіргі уақытта біздің команда соғылған шайба есебі бойынша Канада құрамасынан алда келе жатыр. Қазақстандық хоккейшілердің ойыны бұл жолы жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. Қоржында 3 жеңіс бар. Алғашқы кездесуде Қазақстан швециялықтарды 5:0 есебімен, Латвия құрамасын 10:1, ал Тұманды Альбион командасын 17:1 есебімен ойсырата жеңген еді. Ертең спортшыларымыз мұзды алаңда Швецария құрамасымен кездеседі. Ал ойынды Канада құрамасымен аяқтайды. Қазірдің өзінде біздің топ турнир кестесінде көш бастап тұр. Әзірге универсиаданың күміс медальіне Қазақстан құрамасының шаңғышысы Әсет Дүйсенов қана қол жеткізді. Ал қола жүлдені шорт-трек пен фристайлшы Жанбота Алдабергенова иемденді. Жүлделі есептеу бойынша біздің құрама 14-ші орында. Тізбенің бірінші қатарында Ресей құрамасы. 

Н. Біләл