Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Пойыз билетін алдын ала сатып алған 1 млн-нан астам жолаушы 5 жарым млрд теңге үнемдеді

AstanaTV
19.03.2019ж. 20:00
3457
Пойыз билетін алдын ала сатып алған 1 млн-нан астам жолаушы 5 жарым млрд теңге үнемдеді

Пойыз билетін алдын ала сатып алған 1 млн-нан астам жолаушы 5 жарым млрд теңге үнемдеді. Бұл туралы бүгін «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының брифингінде белгілі болды. Билет бағасын есептеудің жаңа ережесі былтыр қыркүйекте енгізілген. Ол бойынша әлеуметтік маңызы бар пойыздарға билет сатып алғандарға 25 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Ал коммерциялық бағдарларға билетті негізгі тарифтен 35 пайызға арзанырақ алуға болады. Осыған ұқсас механизм әлемдегі барлық тасымалдаушыларда бар.  

Данияр НҰРМАҒАМБЕТОВ, «ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Билетті неғұрлым ертерек алсаңыздар, соғұрлым ол сіздерге арзанырақ түседі. Бұл әуе тасымалдаушыларында бұрыннан бар тәжірибе. Сапарды алдын ала жоспарлаған өзіңізге тиімді.

Д. Қайыртай