Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елордаға көгілдір отын қыркүйекте жетеді

AstanaTV
17.04.2019ж. 20:00
3860
Елордаға көгілдір отын қыркүйекте жетеді

Күзде Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй массивтері, әлеуметтік және өндірістік нысандар мен кәсіпорындар газға көшеді. Кейін көгілдір отын солтүстік өңірлерге де жетеді. Құрылысы Қызылордада басталған «Сарыарқа» магистарльды газ құбыры елорданы газбен қамтудағы алғашқы және ірі жоба болып отыр. Ол Тұңғыш Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында жүзеге асып жатыр. Жоба «Nur Otan» партиясының жіті бақылауында. Бүгін партиялық бақылау қызметінің жетекшісі Даурен Бижұманов бастаған топ жұмыс сапасымен танысты. Магистральдің жалпы ұзындығы 1061 шақырым. Газ құбыры «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Нұр-Сұлтан» бағытымен жүреді. Ол іске қосылғанда 171 елді мекен газға қосылады.  

Сәбит ЖАНАСОВ, «ҚАЗСТРОЙСЕРВИС» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: 

Біз «Қызылорда-Нұр-Сұлтан» магистральды газ құбырының 30-шы шақырымындамыз. Бұл жерде «Қазстройсервис» компаниясының мың шақты адамы жұмыс істеп жатыр. Менің артымдағы интернационалды бригаданы көріп тұрсыздар. Ресей, Белорусь, Қазақстанның дәнекерлеуші, монтаждаушы, операторлары мен машинистері газ құбырын дәнекерлеудің технологиялық процесін жүргізіп жатыр.

Нұрлан БАЙМЫРЗАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ «ҚҰТТЫ МЕКЕН» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Жұмыс ақысын уақытылы ала ма, қалай тұрады, ол жағын да бақылаймыз. Сәуірдің аяғына дейін мердігерлер Қызылорда облысын өтеміз дейді. Одан кейін сентябрьге дейін Астанаға дейін газопроводты жеткіземіз деп отыр.

Г. Меңдеева