Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізді

AstanaTV
02.05.2019ж. 20:00
2223
Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы Андрей Скабелка шәкірттері 3-1 есебімен Литва құрамасынан басым түсті. Шайба авторлары Дастин Бойд, Никита Клещенко және Дарен Диц. Осылайша, 1 дивизион «А» тобында ұлттық құрама гол айырмашылығы бойынша Оңтүстік Корея мен Белоруссиядан кейінгі үштікті қорытындылап тұр. Сондай-ақ, бүгін Венгрия 4-1 есебімен Литваны ұтса, Беларуссия да дәл осындай есеппен Словениядан мықты екендіктерін дәлелдеді.  Ал, дәл қазір Қазақстан - Оңтүстік Корея матчы өтіп жатыр. Әзірге есеп 2:0. Қазақстан алда. 2020 жылы Швейцарияда өтетін әлем біріншілігінде топ-дивизионда бақ сынауы үшін ұлттық құрама осы топта кемінде екінші орынды еншілеуі қажет. Сондықтан қазіргі ойынның маңызы зор.  

А. Өмірзақ