Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қарағандыда Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс өтті

AstanaTV
20.09.2019ж. 20:00
3637
Қарағандыда Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс өтті

Қарағандыда Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысы өтті. Сөз сайысы «Nur Otan» партиясының қолдауымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Қазақстаннан өзге, Қырғызстан, Моңғолия және Қытай елдерінен келген айтыскерлер бақ сынады. Шарада ақындар елді алаңдатқан әлеуметтік мәселелермен бірге, жетістіктерге де назар аударды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел тізгін ұстағанына 100 күн толғаны да ақындардың тіліне тиек болды. 

Жүрсін ЕРМАН, АЙТЫСТЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлт өнерін үнемі қолдап келе жатқанын білеміз. Партияны қайта жаңғыртуға арналған талаптарын қойған кезде де осы айтыс өнеріне арқа сүйеуді тапсырды.

Д. Қайыртай