Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстандықтар тағы да жеңілдетілген автонесие ала алады

AstanaTV
18.10.2019ж. 20:00
4919
Қазақстандықтар тағы да жеңілдетілген автонесие ала алады

Қазақстандықтарға жеңілдетілген автонесие ұсыну үшін 20 миллиард теңге бөлінді. Осылайша Ұлттық Банк бағдарлама аясында 3 мыңға жуық азамат елде құрастырылған жаңа көліктерге ие болмақ. "Қазақстанның даму банкі" бөлген қаражаттың алғашқы траншы, яғни 14 жарым млрды 3 банкке бағытталды. Қалғаны жыл соңына дейін екінші деңгейлі банктерге аударылады. Бағдарлама бойынша кредит беру шарттары сақталған. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 4 пайызды құрайды, автонесие 7 жылға беріледі. Ал алатын көлігіңіздің құны 15 млннан аспауы қажет. Онда Kia, Chevrolet, Skoda, Hyundai, LADA және тағы басқа компания көліктерінің 46 модельі ұсынылған. Олардың барлығы Қазақстанда құрастырылады. 

А. Өмірзақ