Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырауда жаппай балық қырылуына қатысты «Атырау су арнасы» мекемесінің бұрынғы басшыларына қатысты сот үкімі шықты

AstanaTV
25.12.2019ж. 20:00
2288
Атырауда жаппай балық қырылуына қатысты «Атырау су арнасы» мекемесінің бұрынғы басшыларына қатысты сот үкімі шықты

Атырауда жаппай балық қырылуына қатысты сот ісіне нүкте қойылды.  Қалалық №2 соты «Атырау су арнасы» мекемесінің бұрынғы басшылары,  яғни экс директоры Руслан Құрметов, оның орынбасары болған Виктор Сущенко және су тазарту станциясының бастығы Михаил Чурсинді 2 жарым жылға соттады. Прокурор күдіктілерге 5 жыл сұраған болатын. Алайда судья Құрметовтің кәмелетке толмаған 3 баласы мен қалған екі сотталушының зейнеткерлікке шығуға санаулы ай қалғанын ескерген. Ал балықтың жаппай қырылуына хлордан улану себеп болған.

Дәуренбек ДАУЫМОВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Хлордың  шектеулі нормадан артықтығы су ресурсына кеселін келтіріп, балықтың бірнеше түрінің  өлуіне алып келді. Жайыққа төгілген хлорид пен бос хлор Атырау су арнасынан шыққан.  2018 жылдың желтоқсанында орын алған оқиғаға   яғни балықтың жаппай қырылуына,  Жайық өзенінің экологиялық ортаның нашарлауына тікелей «Атырау су арнасы» мекемесінің тікелей септігін тигізген.

Судья Дауымов мұндай шешімді қабылдауға не түрткі болғанын 1 сағат бойы жан-жақты түсіндірді. Алайда  сотталушылар тарапы бір ауыздан сот үкімімен келіспейтінін жеткізді. Бұған дейін сот процесіне үйлерінен келіп жүрген сотталушылардың қолына кісен салынып,  сот залында тұтқындалды.

Нина ОБЕДЯН, «АТЫРАУ СУ АРНАСЫ» КМК БҰРЫНҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Балық әлі күнге қырылып жатыр. Бәрі мұны біледі, түсінесіздер ме.  Сараптамаға қол қойылмаған. Бірақ ол назарға алынып отыр. Мен қазір эмоциямен ештеңе айта алмай тұрмын. Бірақ бұл  еш ақылға сыймайтын нәрсе.

Б. Надирқызы